Маркетинг


Тұтынушылар нарығы және оған сатып алушылардың іс-әрекеті



бет27/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99
1 Тұтынушылар нарығы және оған сатып алушылардың іс-әрекеті
Тұтынушылардың іс-әрекеті нарықтың түріне сәйкес айтарлықтай өзгеріп отырады – тұтынушылардың сұраныс тауарларының нарығынан (тұтыну нарығы) немесе өнеркәсіптік бағыттағы тауарлар нарығынан (кәсіпорын нарығы).
Тұтыну нарығы мынамен сипатталады, мұнда жекелеген тұлғалар, отбасы және үй шаруашылықтары тауарлар мен қызметтерді жеке тұтыну үшін сатып алады.
Тұтынушылардың іс-әрекетіне әсер етуші факторлар 4 Кестеде ұсынылған.
Тұтынушы тауарды сатып алмас бұрын, сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісін жүргізеді, ол келесі кезеңдерден тұрады: мұқтаждықты сезіну, ақпараттарды іздеу, баламалық нұсқаларды бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алынған тауарға реакция.
4 Кесте
Тұтынушылардың іс-әрекетіне әсер етуші факторлар



Экономикалық және саяси

Әлеуметтік

Мәдени және ұлттық

Тұлғалық

Психологиялық

Саяси жағдайы
Экономикалық жағдайы
Заңдылық базасы
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

Жататын қоғамдық класы; тобы
Референттік топтар
Жанұя
Рөлі мен статустары



Мәдениет
Ұлттық дәстүрлер
Географиялық және табиғи жағдайлар



Отбасының өмірлік циклының жасы мен кезеңі
Айналысатын іс түрі
Білімі
Өмір салты
Материалдық жағдайы
Тұлға типі

Мотивация
Қабылдау
Игеру
Көндіру

Кейбір жағдайларда сатып алу туралы шешім қабылдауға бірнеше адам қатысады, олардың әрқайсысы өз рөлін ойнайды: инициатор, әсер етуші, шешім қабылдаушы, сатып алушы, пайдаланушы.


Жаңа тауар туралы шешімді қабылдау үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: мәлімет алу, қызығушылық, бағалау, тексеріп көру және қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет