Тапсырма 1. Төменде негізгі терминдер және олардың бөлек анықтамалары берілген.Қай термин қандай анықтамаға сәйкес екенін көрсету қажет
А. Тұтынушы нарығы
И. Сатып алушы
Б. Күрделі сатып алушылық тәртіп
К. Тұтынушы
В. Сенімсіздік сатып алушылық тәртіп
Л. Күнделікті қайталамалы сатып алу
Г. Әдеттегі сатып алушылық тәртіп
М. Өзгертілген қайталамалы сатып алу
Д. Іздену-сатып алушылық тәртіп
Н. Жаңадан сатып алу
Е. Инициатор
О. Комплекстік сатып алу
Ж. Ықпал көрсету
П. Кәсіпорын нарығы
З. Шешім қабылдау
…- бұл адам қажетті өнімдер мен қызметті бірінші болып ұсынады
.... жеке тұлғалар, отбасы және үй иелері тауарларда алу және өз қызметтеріне пайдаланумен сипатталатын нарық.
… - тауар туралы тікелей шешім қабылдаушы адам.
… - бұл кәсіпорын сатып алу туралы ақырғы шешімді қабылдау үшін көзқарасы немесе кеңестері маңызды болатын адам.
сатып алушы кәсіпорын оған жоспарлы өзгерістер кіргізбей, жай қайта тапсырыс беретін сатып алу жағдайы ... болып табылады.
сатып алушы тауарлар немесе қызметтерді сатып алуды бірінші рет жасаған кезде кәсіпорын сатып алуды жүзеге асыратын жағдай ... болып табылады.
қандай да бір жеке шешімдерді қабылдауды қажет етпейтін мәселенің комплексті шешімін сатып алу ... аталады.
тауарларды болашақта қолдану үшін, қайта сату немесе қайта тарату үшін сатып алатын тұлғалар мен ұйымдар жиынтығы … .
қызықтырудың жоғары дәрежесі тауардың әр түрлі маркалары арасындағы маңызды айырмашылықтармен қосылатын жағдайда тұтыну тауарларын сатып алатын тұтынушылар мінез-құлқы ... аталады.
қызықтырудың жоғары дәрежесінде тауарлардың әр түрлі маркалары арасындағы айырмашылық аз болатын жағдайда сатып алу шешімін қабылдау кезіндегі тұтынушылар іс-әрекеті ... деп аталады.
сатып алушы кәсіпорын тапсырыстың ерекшелiгiн, бағаны, жабдықтау немесе жабдықтаушының шартын, тасымалдауды әдейі өзгертетін кездегі сатып алуды жүзеге асыру жағдайы ... болып табылады.
қызықтырудың төмен дәрежесі тауарлардың әр түрлі маркалары арасындағы айырмашылық аз болуымен қосылатын жағдайда сатып алу туралы шешім қабылдайтын тұтынушылыр мінез-құлқы ... аталады.
тұтынушыларды қызықтырудың төмен деңгейі тауардың әр түрлі маркалары арасындағы маңызды айырмашылықтармен қосылатын жағдайда сатып алу туралы шешім қабылдайтын тұтынушылар іс-әрекеті ... аталады.
…- бұл сатып алуды жүзеге асыратын адам.
…- бұл сатып алған тауар немесе қызметтi тікелей қолданатын адам.
2 тапсырма. Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалған екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған болса «жоқ» деп жауап беріңіз маркетингтік факторлар сатып алудың негізгі себептері болмайды.
мәдениетті дамыту деңгейі тұтынушылардың іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.
шылым тартатын тұтынушылар шылым зиянына мән бермеуі мүмкін, олар адам бостандығын бейнелейтiн, соның iшiнде шылым тарту туралы жарнаманы қабылдап есте сақтайды.
кейбір кезде тұтынушыға қандай да бір тауарды есіне түсіру осы тауарды сатып алу қажеттігін қалыптастыруға жеткілікті.
әлемдік тәжірибеде тұтынушылардың негізгі құқықтарының бірі – тауарды таңдау немесе қисынды шешім қабылдау үшін тауарлардың өте маңызды қасиеттерi, сату әдiстерi, тағы басқа мәлiметтер туралы хабардар болу құқығы.
сатып алушының іс-әрекеті кәсіпкерлердің қызметіне тәуелді болмайды.
сенім арқылы сатып алушыда тауарға деген қатынас пайда болады.
3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауапты тауып, шешім қабылдаңыз Маркетинг бойынша менеджер студенттерден оларға қандай жарнама ең аз ұнағанын сұрап, сауалнама жүргізеді. Студеттердің біреуі бас дәрісі-панадолды бәріне белгілі деп айтады. Алайда, ол дәріханадан осы дәріні сатып алады. Студенттің бұл сатып алушылық қылығын қалай түсіндіруге болады?
4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауапты тауып, шешім қабылдаңыз Мүмкін сізге әр түрлі темекі шығаратын фирмалардың жарнамаларын көптеп кездезтіруге тура келді. Барлық жарнамаларда негізінен үлкен әріптермен «Темекі-сіздің денсаулығыңызға зиян!» деген жазуларды ерекше көрсетіп қояды. Сол сәтте сіздің ойыңызға темекі тартатын адам осы сөздерді көргенде шылым тартуды қояды және тартпайтын адамдар мүлдем жоламайды деп ойлайсыз. Бірақ, темекі шығарушы фирмалар керісінше өздерінің табыстарын осы жарнамалар арқылы көбейтеміз деп сенеді. Неліктен олар осындай жарнамаларға сенеді?
5 тапсырма. Талқылаңыз «… нарық – бұл сахна, экономикалық шешімді қабылдайтын барлық адамдардың қарым –қатынастары ойналатын пъеса» (Р. Липси, П. Стейнер).
6 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауапты тауып, шешім қабылдаңыз Сіздің өнеркәсібіңіз бір ретті бұйымдар шығарады. Тауардың өзінің стандартты техникалық дизайны бар, тек қана сұрлы-қара түсте шығарылады. Бәсекелес өнеркәсіп те бір ретті ұсталарды нарықта шығара бастады, бірақ түстері көкшіл, қызыл және сары түсті.
Өзіңіздің маркетингтік бөліміңізге қандай тапсырма бересіз?
7 тапсырма. Талқылаңыздар «Адам қызметтік кабинетке кіргенде жетекші болып қалуы керек. Ол өзінің қызметіне сай өзіне жақын кәсіпорындардан сұранысты шығарады, өзін сыйлайтын және оның көзқарасымен келісетін жабдықтаушыларға рақым етеді (М.Хардинг). Осыған сәйкес өнеркәсіптік тауарларды сатушылар негізінен өздерінің көңілдерін адамгершілік және әлеуметтік факторларына көптеп аударуы қажет.
8 тапсырма. Адамдамдардың мынадай қажеттіліктерін сипаттаңыз:
сары майға;
ас үй ыдыс-аяғына;
тоңазытқышқа;
гувернер қызметтеріне;
«Кока – Кола» газдық сусынына.
9 тапсырма. Түсіндіріңіз «Жеңілдіктер, қандай керемет зат! Олармен тұтынушыларды қызықтыруға, оған тартуға, сатып алушыны алдап әкелiп, мақтауға болады! Егер тауар екiбастан сенiмдi болса, баға – нақты, қызмет көрсету - сапалы!».
10 тапсырма. Мәселені талқылап, сұрақтарға жауап беріңіздер Егер сіз жоғалтып алынған тұтынушы болсаңыз, осы жағдайды талқылаңыз. Сіз неге фирманың тауарларын сатып алуды доғардыңыз? Фирма сізді қайтадан өзінің тұрақты тұтынушысы етуі үшін не істеуі қажет?
11 тапсырма. Талқылаңыздар «Маркетинг тапсырмасы – қоғамның қажеттіліктерін ыңғайлы жағдайларда қалыптастыру» ( авторы белгісіз).