2 Өткізу стратегиялары Сауда делдалдарының санын оптимизациялау өткізу стратегиясын таңдаумен байланысты. Стратегияның үш түрі бар:
- интенсивті өткізу – бұл сатып алушылардың кең спектріне арналған күнделікті сұраныстағы тұтынушылық тауарларды өткізу стратегиясы; нақты нарықтағы өткізу ұйымдарының үлкен санын болжайды;
- ерекше (эксклюзивті) өткізу- эксклюзивті қымбат бағалы үлгілер ретінде позицияланатын жаңа тауарлардың бөлінуі ретінде ұйымдастырылады; нақты нарықтағы өткізу ұйымдарының шекті үлкен емес санын болжайды;
- селективті (сайлау)өткізу – бұл стратегия тауарларды уникалды, престижді ретінде позициялаумен байланысты емес, өткізудің ұйымдастырылуы орташа немесе біраз жоғарылау деңгейде болады; нақты нарықтағы өткізу ұйымдарының орта санын болжайды, яғни бірден көп, бірақ берілген тауарды сатумен айналысуға дайындардың жалпы санынан кем.
3 Көтерме сауданың мәні мен формалары Көтерме сауда – қайта сату немесе кәсіби пайдалану мақсатында тауарларды (қызметтерді) үлкен партиялармен сатып алу бойынша қызмет.
Көтерме сауда келесі функцияларды атқарады:
- өндірушілерге, тұтынушылармен минималды қатынасқа түсумен, орындарында өз тауарларын өткізуге мүмкіндік береді;
- бөліну жүйесінің барлық қатысушыларына білікті сауда персоналдарын, маркетингтік және техникалық қолдауды қамтамасыз етеді;
- тауарларды үлкен көлемдерде сатып алады, бұл оларды толық тонналық партиялармен жеткізуге мүмкіндік береді, осында шығындар азаяды, сонымен қатар клиенттерге қажетті тауарлы ассортиментті қалыптастырады;
- тауарларды сақтау мен жеткізіп беру үшін жағдай жасайды;
- өндірушілерге, бөлшек саудагерлерге немесе басқа коммерциялық тұтынушыларға, қаржылық көмек (несиелер, жеткізіп беруден кейінгі есеп айырысулар) береді;
- тауарларды ұрлау мен бұзылу және қорлардың ескіруі үшін жауап беріп, өзіне тәуекелді алады;
- өз жеткізіп берушілері мен клиенттеріне нарық туралы ақпаратты береді, кеңестік қызметтерді көрсетеді;
Әлемдік тәжірибе көтерме сауданың келесі түрлерін белгіледі:
- көтерме сатып алушылық желі арқылы саудаласу, оған биржалар, жәрмеңкелер, аукциондар, көтерме азық-түлік нарықтары жатады;
- тікелей өндірістік байланыстар бойынша сауда;
- шикізат пен материалдармен көтерме сауда;
- жеткізіп берушіден тауарларды алуға көтерме сауда;
- сатып алушымен тауарды қабылдау мен тасымалдауға дейін қолма-қол ақшамен төлеу арқылы “Cash and Carry” көтерме саудасы;
- стеллаждардан көтерме сауда (Rack Jobber).
4 Бөлшек сауда Бөлшек сауда – жеке коммерциялық емес пайдалану үшін тауарлар мен қызметтердің тікелей соңғы тұтынушыларға сатумен байланысты қызмет.
Бөлшек сауда келесі негізгі функцияларды атқарады:
- іріктеу процессіне қатысады, онда жеткізіп берушілердің үлкен көлемінен тауарлар мен қызметтердің ассортименттерін таңдап алады және оларды сатуға ұсынады;
- тұтынушыларға жарнама, витриналар, қаптаулардағы жазулар арқылы ақпарат береді, мемлекеттік зерттеулерді жүргізуде өткізу арналарының басқа қатысушыларына қолдау көрсетеді;
- тауарларды сақтайды, оларға баға орнатады, сауда орындарында орналастырады, соңғы тұтынушыларға өткізілуге дейін өнімді жеткізіп берушілермен есеп айырысады.
- тауарлар мен қызметтерді сатады, сатып алушыларға несие береді және басқа да қызметтер көрсетеді, мысалы, тауардың жеткізіп берілуі.
Бөлшек кәсіпорындардың типтерін қарастырғанда оларды түрлі белгілері бойынша сыныптайды, мысалы, қызмет көрсету деңгейі, ұсынылатын тауарлық ассортименті, бағаларға қатыстық саясат және т.б. бойынша.