Маркетинг



бет60/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

6 Маркетинг – логистика
Маркетингтік логистика – бұл материалдардың, дайын өнімдердің және оларға қатысты ақпараттың олардың өндірілу жерінен тұтыну жеріне тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен пайда табу мақсатында, жеке орнын ауыстыруды жоспарлау, жүргізу және бақылау бойынша қызметі. Бұл процесс қажетті уақытта керек жерге қажетті тұтынушыға қажетті тауарды жеткізуді қарастырады.
Маркетингтік логистика өзіне, тұтынушылар үшін тауардың максималды құндылығын қамтамасыз ету үшін, жеткізіп берулер тізбегінің барлық қатысушыларының күш салуларын (координациялауды) біріктіруді көрсетеді. Маркетингтік логистиканың мақсаты болып минималды шығындармен жоспарланған қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Маркетингтік логистиканың негізгі функцияларына келесілер жатады: тапсырыстарды өңдеу, қоймалау, қорларды басқару және көліктендіру.


9.2 Бақылау сұрақтары



  1. Тауарларды бөлу арналары деген не және оның қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Бөлу арналарында неліктен келіспеушілік жағдайлар туындауы мүмкін және оның мәні неде?

  3. Тауарды өткізу стратегиясын сипаттаңдар.

  4. Көтерме және бөлшек сауданың түрлері мен функцияларын сипаттаңдар.

  5. Маркетинг-логистиканың мақсаты және функциялары болып не табылады?



9.3 Тесттер

1. Тауарларды көтерме саудагер арқылы сату ұсынылады, егер


A) тұтынушы нарығында бәсекелестік болатын болса;
B) сатылым бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық үлкен болатын болса;
C) көтерме саудагерге ірі тауар партияларын жеткізу транспорттық шығындарды қысқартуға мүмкіндік бермесе;
D) өндірушілерге қуатты өтімді желі ұйымдастыруға қорлар жетпесе;
E) сатылым бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық кішкентай болатын болса.
2. Атап өтілгендердін ішінен: 1 – көлікке кеткен шығындар; 2 – жинақтауға кететін тұрақты шығындар; 3 – жинақтауға кететін айнымалы шығындар; 4 – әкімшілік шығындар; 5 – жіберілген пайда. Қисынды жүйедегі шығындар элементіне жатады
A) 1,2,3,4;
B) 1,2,3,5;
C) 2,3,4,5;
D) 1,2.3;
E) 4,5.
3. Делдалдар көмегімен жүргізілетін тауарды өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланыс көлемі
A) артады;
B) азаяды;
C) өзгеріссіз;
D) 2 есе артады;
E) 4 есе артады.
4. Бәрінен бұрын кімдерге делдалдарды айналым аясында пайдалану тиімдірек
A) тұтынушыларға;
B) өндірушілерге;
C) мемлекетке;
D) бәсекелестерге;
E) өңірге.
5. Айналым аясында делдал рөлін қайсысы атқара алады:
A) ірі көтерме қойма;
B) маркетингтік қызмет;
C) несие банкі;
D) БАҚ;
E) жарнама агенттігі.
6. Көтерме саудагер, функцияның кішкене ғана мөлшерін атқаратын және тауарға деген меншік құқығын өзіне алмайтын, тұрақты қатысты негізде сатушы немесе сатып алушыны таныту - бұл
A) агент;
B) брокер;
C) дистрибьютор;
D) делдал;
E) коммивояжер.
7. Әрбір делдал, тауардың соңғы тұтынушысына жақындау үшін әр түрлі жұмыс атқарады және келесіні ұсынады
A) тарату арнасының сегменті;
B) тарату арнасының секторы;
C) тарату арнасының деңгейі;
D) тарату арнасының бөлігі;
E) тарату арнасы.
8. Кең емес қаныққан ассортименті бар көтерме саудагерлер немен айналысады:
A) осы ассортименттің едәуір үлкен тереңдігінде тауарлардың бір немесе екі ассортимент топтарымен;
B) тауарлардың үлкен көлемді ассортиментті топтарымен, оларды үлкен тереңдікте қамту;
C) тауарлардың бірнеше ассортименттік топтарымен, яғни кең аралас ассортименті бар бөлшек саудагерлердің қажеттілігін, сол сияқты шектеулі мамандандырылған тауарлы ассортименті бар бөлшек саудагерлердің қажеттілігін қанағаттандырумен;
D) өнеркәсіптік белгілеудегі тауарларды көбінесе бөлшек саудагерлерге емес, тұтынушыларға сату;
E) өнеркәсіптік белгілеудегі тауарларды көбінесе тұтынушыларға емес, бөлшек саудагерлерге сату.
9. Тауарларды тарату шаралар кешенінің орындалуын болжайды және ол келесіні қамтамасыз етеді
A) тиісті мерзімде қажетті тауарларды жеткізу;
B) тұтынушылардың нақты мұқтаждықтарына сәйкес тауарларды жеткізу;
C) тиісті жерге талап етілген тауарларды жеткізу;
D) келісілген шығындар негізінде қажетті тауарларды тиісті жерге және уақытта жеткізу;
E) дұрыс жауабы жоқ.
10. Тарату арнасын толық таңдағаннан кейін тауар өндіруші бірнеше факторларды талдайды, бірақ анықтаушы болып табылады:
A) тауарларды сатылатын жеріне жедел жеткізу қажеттілігі;
B) мақсатты нарықтағы сатып алушылардың шоғырлану деңгейі;
C) каналды құру мен қызмет етуге кеткен мүмкін болатын шығындар мен алынатын шығындар арасындағы арақатынас;
D) мақсатты нарықтың сыйымдылығын ұлғайту мүмкіндігі;
E) шұғыл түрде пайда табу мүмкіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет