Маркетинг



бет79/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

12.4 Тәжірибелік жаттығулар


1 тапсырма. Төменде терминдер мен олардың жеке анықтамалары берілген. Терминдердің ішіндегі берілген анықамалардың қайсысына тиесілі екенін көрсетіңіздер.
А. Маркетингтік басқару
Б. Маркетингтің стратегиялық бағдарламасы
В. Маркетингтік жоспарлау
Г. Маркетингтік тексеріс
Д. SWOT - талдауы
Е. Маркетингтік бақылау



  1. ... Кәсіпорын қызметі бойынша ұзақ кезеңіндегі ұсынысқа тұжырымдалған, мақсат пен миссияның тұжырымдалғанына сәйкес және тұтынушылардың сұраныс есебімен оның болашақ дамуының оңтайлы нұсқасын қамамасыз етеді.

  2. Маркетингтік іске асырумен байланысты адамзат қызметін басқаруды ... атаймыз.

  3. Ағымдағы жағдайды, кәсіпорын мақсаттарын, оларға жету шараларын, қызмет бағдарламасын, бақылау бюджеті мен формаларын сипаттайтын қысқа мерзімді жоспары ... болып табылады.

  4. ... Қолдану арқылы кәсіпорын өзінің әлсіз және мықты жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді анықтайды.

  5. Маркетингтің стратегиялық, тактикалық және оперативті жоспарлаудың іске асырылған нәтижесін бағалау мен өлшеу үрдісін...атаймыз.

  6. Маркетингтің өте жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында маркетингтік басқару жүйесін және маркетингтік стратегияны, маркетингтің микро және макро ортасын кәсіпорынның (немесе оның бөлімшелері) тәуелсіз кезеңдік жан жақтық зертттеулері.... аталады.



2 тапсырма. Төменде келтiрiлген сөздердің жалған немесе дұрыс екенін анықтаңыз, егер дұрыс болған жағдайда "иә" жауабын; қате болса, "жоқ" деген жауап беріңіз.

  1. Маркетингтік бақылау кәсіпорын бақылауына қатысты бақылаудың барлық функцияларын іске асырылуын қарастырады.

  2. Стратегиялық жоспарлау маркетингтік бақылаудың функциясына жатпайды.

  3. Кәсіпорын мәлімдеменің басғдарламасын құрасырған кезде кәсіпорын өз клиентерінің қандай қажеттілікерін қанағаттандыра алатынын, кәсіпорын клиенті кім екенін анықтау керек емес.

  4. Негізделген жоспарлау кәсіпорынға маркетингтің сыртқы және ішкі ортасының өзгерісін болжамдауға және күтпеген жағдайларда дайын болуға, оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

  5. Маркетингтің әзірлеген стратегиялық бағдарламасын өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болмайды.

  6. Нарықтың жаңа сегменттерін және жаңа географиялық нарықты меңгеріп, кәсіпорын өзінің қызметін диверсификацияланған деп шешті.

  7. Маркетингтік бақылау өнім өндірісі мен алатын табысын талдау жоспарын болжайды.

  8. Нарық үлесін талдау негізінде кәсіпорын жұмысы бәсекелестердің қызметімен салыстыру арқылы бағаланады.

  9. Нарық үлесінің төмендеуі кәсіпорын жұмысының жеткіліксіз тиімді факторы болып табылады

  10. Жалдамалы көрсеткіштерді маркетингтік бақылау кезінде пайдалану ең дәл нәтиже береді.

3 тапсырма. Талқылаңыздар
«Ірі фирма тауардың неғұрлым көп түрін өндірсе, соншалықты жақсы болады» (белгісіз кәсіпкер).


4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер және есептің жауабын табыңыздар.
А өнім сызығының жалпы айналымы – 1500 мың ақша бірлігін құрайды.
Б өнім сызығының жалпы айналымы – 750 мың ақша бірлігін құрайды.
Әрбір өнім үшін өзгермелі шығындар айналымның 60%-на тең. Жалпы тұрақты шығындар (жақындағы уақытта өзгермейтін және негізінен, ғимаратты жалға алумен байланысты) А мен Б екі өнім үшін 750 мың ақша бірлігін құрайды. Осы шығындарды бөлгеннен кейін 45% А өнім сызығына әкетілді. Әрбір өнім сызығының таза табысы есептелгеннен соң, өнім-менеджері Б өнім сызығын алып тастауға шешім қабылдайды.
Таза табыс осы шама нәтижесінде қандай мөлшерге өзгереді?


5 тапсырма. Тапсырманы орындаңыз.

Сіз білетін фирма үшін маңызды сыртқы орта факторларын атаңыз, оларды нақты маркетингтік ықпалмен салыстырып және нәтижелерін жуықтап өлшеңіз. Осы өлшеудің нәтижелерін төмендегі матрицаға енгізіңіз.


СЫРТҚЫ ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ АТАУЫ





6 тапсырма. Талқылаңыз
«Нарық өзгеріс жылдамдығы соншалықты үлкен болғандықтан, оларға бейімделу бәсеклестік күресте елеулі артықшылық алады» (Р. Лав, «HP»).


7 тапсырма. Талқылаңыз
«Маркетингтің мақсаты – қоғамның қажеттіліктерін тиімді мүмкіндіктерге қайта қалыптастыру» (белгісіз автор).


8 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер
Сіз кәсіпорынның өндірістік ұйымдастырушылық мәдениеттен маркетингтікке қайта бағдарлауында қандай қиыншылықтарды көресіз? Олардан қалай өтуге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет