Маркетинг



бет75/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

11.5 Жеке үй тапсырмасы



              1. Жарнамалау серіктестігінің келесi тауарларды сатып алу бойынша ынталандыруын ойластыру:

  • компьютерлер;

  • шайнайтын сағыз;

  • иттерді қырқу бойынша қызмет көрсетулер;

  • түсіндірме сөздік;

  • стоматологиялық қызмет көрсету полисі.




        1. Ағымдағы баспасөзде біртекті тауарлар өткізу туралы екі жарнамалық хабарламаны табыңыз. Бұл хабарламалардың мазмұнын салыстырыңыз, сонымен қатар оларда бар ақпарат мөлшерін қарастырыңыз. Сіздің пікіріңізше, бұл хабарламалардың көздейтін мақсаты қандай?





12 Тақырып
МАРКЕТИНГТЕГІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ









Жоспарлай білетін адам ғана ұйымдастыра алады.
С.П. Таранов «Жетекшінің алтын кітабы»
12.1 Жалпы теориялық ұғымдар


Оқудың мақсаты
1 Маркетингтік жоспарларды жүзеге асыру ерекшеліктерін оқу.
2Маркетингтік қызметтегі жоспарлау және бақылау аумағындағы білімдерін бекіту.


Сұрақтар
1 Маркетингтік жоспарлау: мақсаты, құралдары, түрлері.
2 Маркетингтік жоспарлардың жіктелуі.
3 Маркетингтегі жоспарлаудың әдістері мен кезеңдері.
4 Маркетинг бюджеті: түсінігі және анықтау тәсілдері.
5 Маркетингтік бақылау.


1 Маркетингтік жоспарлау: мақсаты, құралдары, түрлері.
Маркетингті жоспарлау- бұл процесс, маркетинг жоспарын құру процедурасы, сату көлемінің өсуіне және фирма табысын максимизациялауға бағытталған маркетинг стратегияларын таңдау. Маркетингті жоспарлау кәсіпорынның мақсатына қол жеткізу үшін жүзеге асырылуы тиіс барлық шешімдерді және де оларды жүзеге асыру құралдары мен жолдарын қамтиды. Маркетинг жоспары, сонымен, кәсіпорын жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тек маркетингтік мақсатының өткізілуінің алғышарты болып қалмай, сонымен қатар олардың атқарылуын болжайды.
Маркетингті жүйелі жоспарлау қажеттілігі келесі себептерден туындайды:

  • қоршаған орта факторларының тұрақсыздығы, өзгерулері, бұл нарық конъюктурасына әсер етеді;

  • кәсіпкерлік шешімдерді қабылдау жүйесінде маркетингтік саясаттың маңыздылығының және тиімділігінің өсуі;

  • нарықтағы тәртіптің стратегиясын қалыптастыруда кәсіпорын шараларының келістіру мен ретке келтірудің күрделілігі;

  • басқарудың маркетингтік концепциясын талап ететін, құрылатын кәсіпорындардың саны мен қуаттылығының өсуі;

  • нарықтар мен бәсекелестіктің интернационализациясы;

  • әлеуметтік, құқықтық және экономикалық ақпараттың тұрақсыздығы;

  • кәсіпорындардың капиталын интенсификациялау;

  • инновациялар мен жаңа енгізулер санының үздіксіз өсуі;

  • маркетингтік шығындардың пропорционалды емес өсуі.

Маркетингтік жоспары келесі бөлімдерден тұрады:

  • басты нәтижелердің немесе мәселенің жағдайын қысқаша баяндау;

  • маркетингтің сыртқы және ішкі ортасының ситуациялық талдауы;

  • маркетинг мақсатын орнату;

  • маркетинг стратегияларын әзірлеу;

  • маркетингтік шаралардың қалыптасуы;

  • маркетингтік шығындарды анықтау;

  • маркетинг жоспарының шараларын іске асыруды бақылау.

Маркетинг жоспарлары қызмет ету ұзақтылығының мерзімі; жоспарлау объектісінің мәселелерін қамтудың мазмұны немесе кеңдігі;
Жұмыстың дәлдігі немесе тереңдігі; маркетингті жоспарлаудың мақсаты; әзірлеу тәсілі (жоспарды қалыптастыруда қатысу дәрежесі) ретіндегі критерилері бойынша классификацияланады.
Маркетингті жоспарлау процессі – бұл қоршаған ортаның ситуациялық талдауымен, маркетинг мақсатын орнатумен, жоспарларды жүзеге асырумен (жоспарды әзірлеу), маркетинг жоспарын жүзеге асырумен, маркетинг жоспарын іске асыруды бақылаумен байланысты сатылар мен әрекеттердің ретке келтірілген жиынтығы.
Маркетингтік жоспарлау – жалпыкорпоративтік жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Маркетингтік жоспарлауды келесі түрлері бойынша қарастыру қабылданған:

  • деңгейлері;

  • мақсатты бағыттаушылығы;

  • мерзімдері.

Маркетингті жоспарлау компаниялардың әртүрлі басқару деңгейінде стратегиялық және тактикалық (жылдық) кешендерін әзірлеу бойынша жүзеге асырылады ( 7 кестені қараңыз).


7 Кесте
Маркетингті жоспарлау деңгейлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет