Маркетинг



бет87/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   99
Индекс

1

4,6

4,2

6,8

6,9

3,1

7,4

Нарықтың қызықтырушылығы

Сұраныстың өсу қарқыны

0,4

1

7

5

4

2

9

Бәсекелестік

0,3

3

2

2

5

7

4

Капитал сиымдылығы

0,2

3

2

2

7

5

7

Нарық жағдайы

0,1

2

2

6

4

5

5

Индекс

1

2,1

4,0

3,6

4,9

4,4

6,7



Тапсырма

  1. Кесте берілгендерін талдаңыз.

  2. Бөлек нарықтарға қандай стратегия ұсынушы етуші едіңіз?

13 тапсырма . Тапсырманың шешімін табыңыз
Өндіруші нарықтың жаңа мақсатты сегментіне өзінің өнімімен енуді шешті.
Бұл өнімді жылына 9000 бірлік көлемінде өндірудің тұрақты шығыны 250 мың теңге болды. Егер көлем бұдан үлкен болса онда шығын 320 мың теңге болады. Айнымалы шығындар бір данаға 60 теңгені құрайды. Әр түрлі баға кезіндегі алдын ала есептеулер:



Дана үшін баға
(теңге)

Ұсынылған сатылым
(дана)

160

3500

120

6200

115

9000

95

15 000

Егер кәсіпкер максималды жалпы пайданы табуды көздесе қандай баға орнайды?




14 тапсырма . Сұрақтарға жауап беріңіздер
«Юнион» халықаралық сауда үйі Х қаласында балалар киімін және өнімдерді сататын көтерме дүкен ашты. Бұл үшін қаланың маңызды даңғылында орналасқан «Балаларға арналған тауарлар дүкенінің бір бөлігі жалға алынды.
Таңдалған жоба «дүкендер үшін дүкен» жүйесіне тән. Сатып алынып жатқан партиядағы орналасқан тауарлар көлемі ешқандай мән бермейді. Ең маңыздысы тауарлардың жинақталған құны минималды рұқсат етілетін сомадан төмен болмауы керек, яғни ақысыз төлемдегі 300 мың ақша бірлігі.
Дүкеннің прайс-парақтарында есептік көтермелі бағалар көрсетілген. Минималды сатып алу деңгейінен бастап сатып алушығы, жинақталған құнға байланысты, бірақ 10 %-дан аспайтын кепілдік беріледі. Сауда үйі бұл кепілдікті тауар түрінде алуға рұқсат етті. Партияға төлемді есеп берілгеннен күннен бастап екі күннен асырмай төлеу керек. Бұдан басқа сауда үйі өз жабдықтаушыларына өз эмблемасы бар балалар тауарларына тапсырыс берді. Сауда үй басшылығы жарнамаға кеткен бұл шығындар тез арада ақталады деп санады.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Сауда ортасында өз имиджін қалыптастыру бойынша сауда үйінің бұндай қадамдарын қалай бағалауға болады?

  2. Сатып алушы үшін сауда үйімен берілген кепілдіктің бұндай түрі қаншалықты ыңғайлы?

  3. Сауда стратегиясын оңтайландыру үшін сауда үйіне қандай кеңес беруге болады?



15 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
«Сахар Дом» компаниясы аймақтық қант нарығының 60%-на ие. Ол өз өнімін қаптарда (өндірістік қант), немесе 1 кг-ды қаптамада (көтермелі түрдегі қант) сатады. Екінші жағдайлы қаптаудың бағасы өлшеп буып-түюді қоса өнім бағасының 5%-на жуығын құрайды. «Сахар дом» тәжірибе жүзінде өндірістік қантты кондитерлік фабрикаларға көтермелі қантқа қарағанда екі есе төмен бағамен сатады. Кәмпит шығаратын «Сладкоежка» компаниясы «Сахар Дом» және басқа көтерме қант сатушыларға бәсекелестік туғызып көтерме қант нарығына өз маркасымен шығуды көздеді. Ол «Сахар Дом» компаниясынан өндірістік қантты сатып алуды күшейтіп, сол сияқты 1 кг-ды өз қаптамасында қант сата бастады.
«Сахар Дом» өз нарығына қауіп төнгенін түсініп, «Сладкоежкаға» өндірістік қантты сатуды тоқтатты, сонымен қатар ендігіден бастап тауарды тек қана өз көлігімен жеткізуді жариялады.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бұрынғы серіктестің жетекшіге жасаған шабуылына не себеп болды?

  2. Бұл жағдайда бәсекелестіктің қандай факторлары іске асуы мүмкін?

  3. Бұл шабуыл неде және қаншалықты сәтті болуы мүмкін?

  4. Ол қалай дамуы мүмкін?

  5. Бұл соққыға көшбасшы қандай тосқауыл қоя алар еді? Ол үшін не істеуге болады?



16 тапсырма . Тұжырымдаманы түсіндіріңіз
«Мақсатты нарық–маркетингті ұсынудың нүктесі».


17 тапсырма . Тапсырманы орындаңыз
Төменде босалқы ретте стратегиялық үдеріс кезеңдері мен әртүрлі кезеңдерде маңыздылығы бар қызмет түрлері келтірілген.
Кезеңдер:
А. Соңғы таңдаудың стартегиясы
Б. Баға
В. Тапсырманы қалыптастыру
Г. Стратегиялық баламаларды дайындау
Д. Стратегиялық құлдырауды талдау
Е. Ішкі және сыртқы ортаны зерттеу
Қызмет түрлері:
А. GAP-талдау
Б. SWOT-талдау
В. Маркетинг аудиті
Г. Сатылым мен табыс есебі
Д. Нарық қажеттіліктерін анықтау
Е. Баламалы стратегиялар
Стратегиялық жоспардың кезеңдерін дұрыс ретімен қойыңыз. Оларға тиесілі қызмет түрлерін табыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет