1 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз және қойылған сұрақтарға жауап беріңіз. Фермерлік туризм Inter Tourist фирмасы 1976 жылдан бастап қызмет етеді. Ол туризм саласына маманданған кәсіпорындаға маркетингтік кеңес береді және нарық мүмкіндіктерін зерттейді. Оның соңғы клиенттерінің бірі американдықтардың ұшатын елдері туралы көзқарастарымен қызыққан ірі еуропалық әуекомпания болды. Inter Tourist «жету мемлекеттері» туралы негізгі сипаттамаларды қалыптастырғаннан кейін, әуекомпания қызметтерімен қолданатын туристердің санын үлкейткен маркетингтік бағдарламаны жасау жеңіл болды.
Inter Tourist фирмасының бұрыннан келе жатқан клиенті Globally Unique Travel фирмасы, вице-президентті голландиялық және австралиялық фермаларға баруға американдық туристтердің қызығушылық деңгейін бағалап беруді сұрады. Globally Unique Travel туризм индустриясында өзінің қымбат бағаларымен әйгілі.
Фирманың Голландия мен Австралияда жұмыс тәжірибесі бай агенттерінің бірі, фермаларға баруға америкалық туристтердің қызығушылығы туады деп ойлады. Ол америкалықтардың өміріндегі өзгерістердің барлығын біліп жүрді, сондықтан ол ойластырылған іске олардың көмегі тиеді деп санады. Америкалықтарды салауаты өмір салты мәселелері қызықтырды, олардың қалаулары белсенді демалыс болды.
Голландтық фермалар өзінің кішкентайлығымен, табиғатының әсемдігімен ертегідегі голландтық суретшілердің суреттеріне ұқсады. Бұл американдық саяхатшылардың қызығушылығын тудыра алды. Американдық туристтер арасында әйгілі, Амстердам маңындағы фермалар ерекше керемет. Бұдан әрі, голландтық оқыту жүйесіне байланысты әр отбасында, кем дегенде бір адам ағылшынша сөйлей алды.
Австралиялық фермалар голландтық фермалардан ерекше. Әдеттегідей олар үлкен болды. Австралиялық фермалар әдетте ірі қара малды өсіру үшін де, астық өсіруге де қолданылады. Бұл фермаларда атқа мініп демалудан табиғат аясында қыдыруға дейін белсенді демалыстың көп мүмкіншіліктері бар.
Фермерлік туризм Еуропа мен Австралияда өте жиі кездеседі. Екі аймақта да мемлекеттік агенттіктер фермерлерді туристтердің жақсы демалуы үшін не керек екендігін хабардар етіп отырды. Осы агенттіктер осындай туризм түріне сұранысты ынталандырды. Фермерлік туризм фермерлердің қалтасына да, туристтердің денсаулығына да жайлы болды.
Америка үшін фермерлік туризм идеясы жаңа болды. Бұл саладағы зерттеулер Голландия мен Австралияда жүргізілген болатын. Соның негізінде келесі сегменттер айқындалды: отбасылар, фермерлік өмір түрін ұнататындар және таза ауада қыдыруды жақсы көретіндер. Еуропалық зерттеулер негізінде, потенциалды туристтердің көбісі демалыстарын фермада өткізген, 60 %-ға жуығында 16 жасқа дейінгі жастағы балалар бар. Зерттеу нәтижесінде «таза ауада дем алғысы келетіндер» сегменті ішінде көп үлесті үлкен жастағы балалары жоқ, жалғыз адамдар алады. Олар фермада өмір сүру қалай екендігін көргісі келе отырып, «қолдарын кірлеткісі» келмейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар Сіздің ойыңызша осы зерттеулерді жүргізу кезінде компания қандай негізгі қиыншылықтарға кездесуі мүмкін?
Американдық туристердің қалауларының зерттеу әдістерін ұсыныңыз.
Туризмнің жаңа түрін америка нарығында алға басуының әдістерін қолдануға бола ма?
Туристтердің нарығының сегментациясын ескере отырып жаңа ұсыныстың позициялануының аргументтерін жасаңыз.
2 тапсырма. Өзіңізге жақсы таныс өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші ұйымды қарастырыңыз. Кедергі келтіретін ұйымның сыртқы ортасының қаупін немесе мүмкіндіктерін атап өтіңіз.
Ішкі ұйымдастыру ресурстарын сыртқы мүмкіндіктерімен сәйкестігін қамтамасыз етуі мүмкін маркетингтік стратегияны сипаттаңыз.