2 Өндірістік бағыттағы тауарлар нарығы және тұтынушылардың іс-әрекеті Кәсіпорын нарығы – бұл тауарларды өндірісте пайдалануға және қайта сату мен қайта бөлу үшін сатып алатын тұлғалар мен ұйымдардың жиынтығы.
Өндірістік бағыттағы тауарлар нарығының тұтыну нарығынан негізгі айырмашылықтары:
тұтынушылар арнайы қызмет түрін талап етуі мүмкін және т.б.
Сатып алу туралы шешім көбінесе нақты жағдайларға байланысты болып келеді, олар үшке бөлінуі мүмкін: әдеттегі қайта сатып алу, өзгертілген қайта сатып алу және жаңа сатып алу.
Қоршаған орта факторлары, сонымен қатар тұлғааралық және жеке факторлар өндірістік бағыттағы тауарларды сатып алушыларға тұтыну тауарларының сатып алушылары секілді әсер етеді.Бірақ, кәсіпорын-сатып алушыларға сонымен қатар ұйымдастырушылық факторлар да әсер етеді.
Кәсіпорынның сатып алуды жүргізу үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: мұқтаждықты сезіну, мұқтаждықты жалпы сипаттау, тауар сипаттамасын бағалау, жеткізушілерді іздеу, ұсыныс жасау, жеткізушілерді таңдау, тапсырысты рәсімдеу, жеткізушінің жұмыс тиімділігін бағалау.
4.2 Бақылау сұрақтары
Тұтыну нарығы өндірістік – техникалық бағыттағы тауарлар нарығынан қалай ерекшеленеді?
Тұтыну нарығында тұтынушыларға қандай факторлар әсер етеді?
Тұтыну тауарларын сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісіне сипаттама беріңдер.
Өнеркәсіптік бағыттағы тауарларды сатып алушыларға қандай факторлар әсер етеді?
Өнеркәсіптік бағыттағы тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісіне сипаттама беріңдер.