1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер мен олардың анықтамалары жеке берілген. Берілген анықтамаларға сәйкес өздерінің терминдерін табу қажет.
А. Жарнама
М. Жеке сату
Б. Ақпараттық жарнама
Н. Қоғаммен байланыс
В. Көрме
О. Тікелей маркетинг
Г. Фирмалық стиль
П. Мәліметтер жүйесі
Д. Жәрмеңке
Р. Тікелей пошталық маркетинг
Е. Өткізуді ынталандыру
С. Каталог бойынша маркетинг
Ж. Алға басу
Т. Телефон маркетингі
И. Имидж
У. Телемаркетинг
К. Мақсатты аудитория
Ф. Интернет
Л. Пайдасыз аудитория
Бірсыпыра тауарды сату және іскерлік қатынасты қолдау мақсатында тұтынушының (немесе кәсіпорынның) тікелей үй мекен-жайы арқылы сәйкес келетін ақпараттық мағлұматты пошталық тарату негізінде іске асырушы ... .
Бірсыпыра шұғыл ұйымдастырылған мағлұматтар, берілген мәселелердің шешімін қалыптастыру негізін зерттеушіге рұқсат беру, ... деп атау қабылданды.
Қандай болса да делдалдардың қатысуысыз өз сатып алушылары мен тұтынушыларымен тікелей қарым қатынасты жүзеге асыратын кәсіпорын, ... өткізеді.
Теледидар арқылы әр түрлі видеожарнамаларды көрсету және сол арқылы сатып алушылармен кері байланысты жүзеге асыра отырып, сатушы жүзеге асырады ... .
Өз тауарларын тегін және ақылы төлем үшін таратылған каталогтар негізінде өткізетін сатушы, ... іске асырады.
ТСР/ІР хатамалар негізінде бір бірімен байланысатын құрамдас бөліктері және олардың ары қарай кеңеюінің негізінде болатын ғаламдық ақпараттық жүйе, ... болып табылады.
Сатып алушылар мен тұтынушылар арасындағы байланысты сақтау үшін коммуникациялық құрал негізінде телефонды пайдаланатын сатушы, ... өткізеді.
... фирма және оның элементтері жайлы кейбір әсерлер, оған ойша қатысы бар жарнамалар.
... – бұл фирма атынан тауар және қызметтің әрбір жеке емес ақылы ұсыныстары мен ойлардың алға басуы.
Үлгілердің экономикалық демонстрациясы, өзі өткізілетін жақтың дәстүріне сәйкес жеке тұтынудағы тауардың ірі нарығын және өндіру құралдарын ұсынады және ол ... деп аталады.
… - бұл хабарлаудың барлық формасы, кәсіпорынға өзі жайлы немесе өзінің тауарлары жайлы еске салу немесе көз жеткізу үшін қолданатын ақпарат.
… нарықты жаңа тауар немесе қызмет жайлы ақпарат беруге бағытталған; алынған тауарларды қолданудың жаңа әдістерін ұсыну.
Фирманың коммуникациялық маңызы бар, сипатталатын әлеуетті тұтынушылардың ойындағы бейнесі, бұл ... .
Негізгі мақсаты демонстрация құралы арқылы бұқараны ақпараттандыру болып табылатын, тұтынушыларды қанағаттандыру үшін өндірушілердегі бар билік құралдары ... деп аталады.
… - бұл тауарлар немесе қызметтерді сату немесе сатып алуды қысқа мерзімде ынталандыру әдістері.
Жарнама бағытталған аудиторияның бір бөлігі, бірақ ол фирманың мақсатты нарығы болып табылмайды.
… - тауарды жылжытуға бағытталған тұтынушылар тобы.
… - фирма мен әртүрлі аудитория арасында өзара сенімділік пен түсіністік орнату атмосферасын жасауға бағытталған қызмет.
… - бұл нақты клиентке шығу коммуникациясы.
2 тапсырма. Төменде келтiрiлген сөздердің жалған немесе дұрыс екенін анықтаңыз, егер дұрыс болған жағдайда "иә" жауабын; қате болса, "жоқ" деген жауап беріңіз. Сауданы ынталандыру, сатушы мен сатып алушы арасында тікелей коммуникацияны қолдауды және орнатуды болжамдайды.
Қоғамдық байланыстар мақсатты аудиторияға тауарды ақылы түрде көрсету болып табылады.
Сатуды ынталандыру арқасында кәсіпорынның имиджі құрылады және сақталады.
Тұтынушылық тауардың мақсатты нарыққа өткізуде, әлеуетті сауда маңызды болып келеді.
Көпшілік кәсіпкерлер олардың жарнамаға кеткен қаражаттардың жартысы босқа кетті деп санайды, бірақ олар қай жартысы кеткенін білмейді.
Мықты, өздеріне сенімді, ержүрек ковбой бейнесін қалыптастырғандықтан, «Marlboro» сауда маркасы нарықтағы көшбасшыларының біріне айналды.
Мақсатты аудитория хабарды толық қабылдап және есте сақтайды, егер хабарды танымал, сенімді, атақты адамдар жеткізетін болса.
Өндірістік техникалық бағыттағы өнім шығаратын кәсіпорындар, коммуникациялық саясатқа бөлінген қаражаттарды әділетті саудаға көбірек қолданады.
Сауданы ынталандыру үшін мынадай әдістер қолданылады: тауардың үлгісін ақысыз тарату, жеңілдіктері мен сауда жасау үшін купондар тарату және баға жеңілдіктері.
Сатушыларға қатысты мынадай ынталандыру шаралары қолданылады, сайыстар өткізу, экскурсия жүргізу, сыйақы беру, лотерея ұйымдастыру және конференциялар.
Тауарды нарыққа шығару кезеңінде оны жылжытуға үлкен мәнді ақпаратты жарнама және қоғамдық байланыстар алады.
Журнал немесе газеттің бірінші бетінде, әсіресе жоғарында орналастырылған жарнама назарды көбірек өзіне аударады.
Жарнама берушілер өзінің теледидарлық роликтерін кейбір бағдарламалардың басталу алдына қоюға тырысады.
Түсті реклама көбірек активизациялық әсер қалдырып, есте жақсы сақталады.
Журналдың басында немесе соңында орналасқан материалдар, журналдың ортасында орналасқан материалдарға қарағанда, толығырақ қабылданады.
Тікелей маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіполрын өзінің клиенттерімен тікелей байланыс орнатады, ал ол өз кезегінде сұраныс пен тұтынудың өзгерістеріне дер кезінде шағылысуға мүмкіндік береді.
Тікелей маркетинг сатушыларға нарықтық текшелерді табуға мүмкіндік береді және олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Тікелей маркетингті пайдалану коммерциялық қызметтің тиімділігін арттырады, ал ол өз кезегінде, бөлшек сауда бағасының төмендеуіне әкеледі.
Кәсіпорын өз тауарларын тікелей пошталық жіберудің арқасында сатады, тікелей маркетингті қалыптастырмайды.
Деректер қорында тұтынушылық әдеттер мен тұтынушылардың мінез құлқы жайлы мағлұматтар болуы мүмкін емес.
Деректер қорын қолдану нарықты сегменттеуге және мақсатты аудиторияны анықтауға мүмкіндік береді.
Туристтік фирма тікелей пошталық жолдамалар материалдарына атақты маршруттарды, мәдениеті жайлы және әр түрлі елдердің тарихы, туристтердің «жол белгілері» және саяхаттаушының кеңесін қосуы мүмкін.
Тікелей телефонды маркетинг тамақ өнімдерін сату кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Телефонды маркетинг жүргізу арқылы сатушы сатып алушыға сатып алынған тауар құнын телефонмен сөйлесу төлем құнына қосу мүмкіндігін жасай алады.
Телефонды маркетинг медициналық қызмет аясында тиімді қолданылуы мүмкін.
Интернетті қолдану арқылы мақсатты нарықты зерттеу үшін әрқашан респонденттерді репрезентативті таңдауды қолдану керек.
Барлық маркетингтік зерттеулер интернетті қолданумен жүргізілмейді.
Интернетті қолдану арқылы қабылданатын мәліметтерді өңдеу кезінде, зерттеушіде бар EXCEL және ACCESS бағдарламаларын қолдануға болады.
Электронды поштаны қолдана отырып, бір біріне бейнесуреттерден тұратын жолдаулар жолдауға болады.
Электронды поштамен жіберілген хабарламаларда конфидециалды ақпаратты өзіне қосуға болады, өйткені ол хабарлама бөтен адамдармен оқылуы мүмкін емес.
Виртуалды дүкен ол театр, олардың актерлары тауарлар болып табылады.
Көптеген банктік құрылымдарда валюталық сауда негізінде электронды аукцион технологияларын қолданады.
Электронды поштаны қолдану арқылы тарату тізімін қалыптастыруға болады, ол бір адамға сияқты үкен топ адамдарға бір уақытылы және оңай хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.
Электронды дүкендерде әртүрлі дүкендерде сатып алуға болатын күнделікті тұрмыста қажет етілетін тауарларды ұсынады.
Интернетті қолданушы электронды дүкендерде өзіне қажет арзан бағамен сатылатын тауарларды таңдай алатынын ескеру қажет. Төмен табысты халық тобына арналған осындай дүкендер арқылы тауарларды сату және қызмет көрсету қарастырылған.
Жеке тұтынушылар жайлы олардың рұқсатынсыз ақпарат жинау жеке өмірлеріне қол сұғу болып саналады, сондықтан да ол заңсыз.
3 тапсырма. Талқылаңдар «Имиджді құрастырудың басты мақсаты – өзің жайлы түсінікті жүзеге асыру» (психолог С. Геллерман).