Маркетинг


Көрмелер және жәрмеңкелер



бет66/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

5 Көрмелер және жәрмеңкелер
Фирма тауарларының көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы олардың нарықтағы өтуіне және сату көлемінің өсуіне мүмкіндік жасайды. Соңғы уақытта көрмелер мен жәрмеңкелер арасындағы айырмашылықтар жоққа шығуда – енді біріншілерде де, екіншілерде де сауда мәмілелері жасалады. Бірақ, кейбір ерекшеліктері сақталады. Мысалы, жәрмеңкелер оқтын-оқтын бір уақытта және бір географиялық жерлерде жүргізіледі, ал көрмелердің көп бөлігі осындай спецификаға сәйкес келмейді.
Көрмелер мен жәрмеңкелердің түрлерінің артатын дифференциациясы байқалады – мамандандырылған, саласы, тақырыптық көрмелердің саны көбеюде.
Көрмелер мен жәрмеңкелерде үлкен коммерциялық және жарнамалық насихаттау жұмыс атқарылады: келіссөздер жүргізіледі, контрактілерге қол қойылады, жарнамалық, соның ішінде беделдік (престиждік) әдебиет үлестіріледі, жарнамалық фильмдер мен видеороликтер көрсетіледі, тақырыптық конференциялар, прессконференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады, радио және теле жарнама жүзеге асырылады, жергілікті прессадағы, мейманханалардағы жарнама т.б.
Фирма көрмеде немесе жәрмеңкеде өзінің қатысуының мақсатын анықтауға мұқият болуы тиіс, қандай көрмелерге және жәрмеңкелерге оған қатысуы, тиімділігі және не үшін қатысуы керек екендігін айқындау қажет. Көрмелер мен жәрмеңкелердегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін алдын ала ақпараттық хаттар мен шақыруларды тарату керек.


6 Тікелей маркетингтің түсінігі мен нысандары
Соңғы жылдары тікелей маркетингтің делдалдарсыз сауда ретіндегі анықтамасы үлкен өзгеріске ұшырады: тікелей маркетингті, яғни тікелей сатулардың түрлі әдістері, және тікелей қатынастар маркетингін ажыратады. Тікелей маркетингтің ассоциациясы осы екі ұғымды интерактивті маркетинг терминіне біріктіреді.
Егер тікелей сату сатып алумен аяқталса, онда тікелей қатынастар маркетинг потенциалды сатып алушылармен тікелей қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған және осы сферадағы маркетингтік күш салулардың басты тиімділігі болып қарым-қатынастарды тұрақты қатынастарға айналдыру табылады.
Тікелей маркетинг сатып алушы үшін де, сатушы үшін де белгілі бір артықшылықтарға ие.
Сатып алушы үшін бұл: уақыттың үнемделуі; тауарлардың кең таңдауының мүмкіншілігі; сауда өкілдерімен (өндірістік бағытталудағы тауарлар үшін) кездесулерге бару мүмкіншілігі, т.б.
Сатушы үшін басты жетістік табыстың қайнар көзі тауар емес, клиент болып табылатын қатынастар маркетингінде. Соңғы уақытта электронды коммерция көп таралған қызығушылыққа ие. Осыдан басқа, келешектегі бәсекелестіктің негізгі түрін - әрбір нақты сатып алушы үшін күресті анықтайтын персоналды маркетинг термині жиі кездеседі.
Тікелей маркетингтің келесі формалары бар:

  • жеке сату;

  • тікелей пошталық тарту;

  • каталогтар бойынша сату;

  • телемаркетинг;

  • теледидар және БАҚ-ң басқа құралдары арқылы сату;

  • желілік маркетинг.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет