Маркетинг


Маркетингтегі жоспарлаудың әдістері мен кезеңдері



бет77/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

3 Маркетингтегі жоспарлаудың әдістері мен кезеңдері
Маркетинг жоспарын әзірлеу барысында жоспарлау тәсілдерінің әртүрлі түрлері қолданылады. Тәжірибеде тораптық жоспарлау, нарықты талдау, қаржылық – математикалық әдіс және т.б. әдістер кеңінен таралып қолданылып жүр.
Маркетингтік жоспарлаудың кезеңдері

  1. кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін талдау (диагноз);

  2. мақсаттарды анықтау;

  3. стратегиялық шешімдерді қабылдау;

  4. маркетингтік шаралардың жоспарын әзірлеу (мақсаттар мен стратегияларды жүзеге асыру);

  5. шығындардың құрылымы мен жалпы шамасын есепке алу;

  6. жоспарды түзету және бақылау.



4 Маркетинг бюджеті: түсінігі және анықтау тәсілдері
Маркетингтің шығынын анықтау үшін бөлінген қаражат көлеміне байланысты («жоғарыдан төменге») немесе қажетті шығындардың көлеміне байланысты («төменен жоғарыға») маркетингтік жоспарлаудың бюджеті әзірленеді, өткізу (сату) функциясына талдау жасалынады, осы кезде шығындар калькуляциясының негізгі процедурасы, қаржылық сметалардың және басқалардың әзірлемелері пайдаланады. Маркетинг шығындарының мазмұны келесі түрде өрнектеледі: маркетингтік шығындар накладнойлық шығындарды емес, тауарларды өткізуді қамтамасыз ететін шығындарды көрсетеді; маркетингтік шығындар инвестициялық сипатта болып келеді, келешекте олар жақсы кіріс әкелуі мүмкін. Маркетинг шығындарын тек қана өндіріс шығындарына немесе тұтыну шығындарына жатқызуға болмайды. Бұл шығындар ерекше шығындар түрі, сондықтан да оларды болашаққа жұмыс істейтін инвестициялық шығындарға жатқызған дұрыс.
Маркетингтегі қаржылық құралдар кәсіпорынның пайдасы есебінен құрылады;
Маркетингтік шығындарды қаржылық жоспарлау өзара байланысқан бюджеттер есебінен құрылады.
Маркетингтік шығындардың көлемін екі түрлі әдіспен анықтауға болады.
«Жоғарыдан төменге» тәсілі шығындардың жалпы сомасын алдын ала есептеп алып, содан соң жекелеген маркетингтік шараларға бөлініп жұмсалынады. Бұл жерде келесі тәсілдерді қолдануға болады:

  • жоғары пайда табуға арналған маркетингтік шығындардың көлемін анықтау (өткізу реакциясының функциясы және маркетингтің қандай да бір шығындар деңгейіндегі пайдасы). Маркетингке кеткен шығын неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайда мен өткізу көлемінің ықтималдығы жоғары болып келеді. Бірақ, шығындардың үнемі көп болуы «маркетингтік залалға» әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл мынаған байланысты болады, бәсекелестердің қарсылықтарынан кейде сұраныстың дамуының шегі болуы мүмкін және т.б.;

  • сатудан түсетін пайызды есептеу (сызықтық тәуелділік);

  • пайдадан түсетін пайызды есептеу (сызықтық тәуелділік);

  • бәсекелестерді бағалау («бәсекелестің шығындары сияқты шығын»).

«Төменнен жоғарыға» тәсілі шығындарды жекелеген маркетингтік шараларға есептеп, содан соң ғана барлық шараларды анықтау үшін барлық шығындар сомасын қосады. Мұндай әдіс кезінде келісім негізінде немесе нормативті шығындар мен қабылданған мөлшерлер негізінде жекелеген шаралар бойынша шығындарды калькуляциялау әдісі қолданылады (сырттан ұйым тартылған жағдайда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет