Мас-рестлинг – мәлім де беймәлім спорт түрі



Дата03.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#121724
Байланысты:
Мас


Мас-рестлинг – мәлім де беймәлім спорт түрі

Спорттың түрі көп. Ертеден келіп, енді ғана танылып жатқан спорт түрлері де бар. Бірін білсек, бірін біле бермейміз. Сондай спорт түрлерінің бірі – мас-рестлинг.Бүгінде қарқынды түрде дамып келе жатқан мас-рестлинг – Саха елінің ұлттық спорт ойыны. Бай мәдениетінің ажырамас бөлігі. Мас-рестлингтің шығу тарихының өзі көне дәуірден бастау алады. Бұл спорт түрінің даму себебі де географиялық және климаттық жағдайға байланысты болса керек. Қиыр Солтүстіктің қысы ұзақ және температурасы 60 градус аязға дейін түссе, жазда 40 градус ыстыққа дейін көтерілгенде – адамды шыныққан дене мен зор денсаулығы ғана құтқара алады. Яғни саха халқы осындай климатқа бейімделу үшін түрлі спорт түрлерімен ертеден шұғылданған. Мас-рестлинг спортын да осындай дене шынықтыру мақсатында ойлап тапқан.


Мас-рестлинг – дене, қол мен аяқ бұлшықеттері үшін аса пайдалы. Білек күшін арттырады. Адамды тез шешім қабылдау мен жылдам ойлауға машықтандырады. Дененің шымыр болып қалыптасуына көмегін тигізеді.Бұл спорт түріне «мас рестлинг» деп атауды алғаш болып ұсынған саха халқының еркін күрестен тұңғыш Олимпиада чемпионы – Роман Михайлович Дмитриев. «Мас» сөзін якут тілінен аударғанда «ағаш, таяқ» дегенді білдірсе, «реслинг» деген ағылшын тілінен алғанда «күрес» дегенді білдіреді. Қазақ тіліне «Таяқ тартыс» деп аударуға да болады.
Мас-рестлинг спортының ережесі
Бұл спорт түрінің ережесі қарапайым ғана. Сайысқа шыққан екі спортшы арнайы тақта алаңында ағаштан жасалған таяқты тартысады. Бірі – көк, екіншісі қызыл тақта алаңында болады. Аяқтарын арнайы тақтайға тіреп тұрады. Ағашты қарсыласының қолынан жұлып алған, не қарсыласын таяқпен қоса өз жолағына өткізген спортшы жеңіске жетеді. Тартыс бір спортшы екі рет жеңіске жеткенше жалғасады. Яғни, бір спортшы қарсыласын 2:0 немесе 2:1 есебімен жеңеді. Екі рет ереже бұзған (уақытынан бұрын бастау, т.б) спортшы жеңіліс табады.Таяқты бір қолыңмен жоғарыдан - төмен, екіншісін керісінше ұстайсың. Кезегіңе қарай таяқтың ішкі және сыртқы бөлігінен ұстап сынға түсесің. Сынға түсер алдында дене қыздырып, жаттығу жасап алуың маңызды. Бірден күшке салып, қарсыласпен текетіресу жарақат алуыңа себеп болуы мүмкін.
Мас-реслинг те салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Ерлер мен қыздар арасындағы және жұптық сындары бар.

- Мас-рестлинг біздің елімізде де жақсы дамып келеді. Қазіргі таңда Ақтау, Ақтөбе, Астана, Тараз және Алматы қалаларында қарқынды даму үстінде. Халықаралық жарыстардан да жетістіктеріміз баршылық. Өте қызықты жекпе-жек түрі. Көкпар тартып өскен ұлт үшін бұл спорт түрі жат емес деп білемін. Онда атпен тартысса, мұнда қолмен таяққа тартысады.



Көп спорт түрлерінде төрешілер шешімі, болмаса ұпай берілетін болса, мұнда нағыз жеңімпаз оңай, әрі айқын анықталады, - деді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет