ІІ. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері туралы слайдтармен жұмыс Слайдтан " Іс-әрекеттегі зерттеу неден басталады? ", "Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізеді?» тәрізді ашық сұрақтарға жауап іздейік. Нәтижесінде зерттеу жүргізу түсіндірме арқылы ұсынылады. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдары: (Элейн Уилсон) 1. Іс-әрекеттегі зерттеуді неден бастау керек?
Проблемадан бастау керек, проблема- бұл сені толғандыратын нәрсе. Не дұрыс емес? Неге?
2. Проблема туралы мәлімет жинау. Бұл – біз проблеманы байқаған жеріміз.
3. Өзгеріс енгізу мақсаты мен нысанын анықтау. Мақсат- бұл сіз неге жеткіңіз келеді?
4. Өзгеріс енгізуді жоспарлау -ойларымызды, әдістемелерімізді жетілдіреміз. Сабақ жоспарын жазғанда оқыту үдерісіне қатысты қажетті әдістерді таңдап, әзірлеу керек.
5.Дәлелдемелер жинаймыз. Ойланайық, мен дәлелдемелер қалай жинаймын? Мен өзгерістер жайлы қалай білемін?
6. Нәтижені бағалау. Не сәтті болды, не сәтсіз болды анықтаймыз. Күтілетін нәтиже орындалды ма? Мақсатқа жеттік пе? Нені жақсарту керек?
7. Нәтижеге бірден жете алмаймыз, сондықтан іс-әрекетті бірнеше рет нәтижеге жеткенше қайталау керек.
8. Іс-әрекеттегі зерттеуді нәтижесі мектепте, желілік қауымдастықта таратылады.
Коуч өз тәжірибесінен үлгі ретінде жоспарын ұсынады.
Іс-әрекетті жоспарлау үлгісі. Проблема: Оқушылардың математикадан математикалық сауаттылығының төмендігі.
Тақырып:Жазу арқылы оқушылардың математикадан сауаттылығын қалай арттыруға болады?
Зерттеу сұрағы:Жазу арқылы бала математикалық ойды, пікірді толық жеткізе ала ма? Жазудың математика сабақтарында ролі қандай?
Мақсаты:Оқушылардың жазу арқылы дамуының тәсілдерін, жолдарын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Оқушы жазудың маңыздылығы – математикадан сауаттылығын арттыруға қажет екендігін сезіне біледі.
Жоспар құру: 1) Оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеру; («Математика – өміріммен өзектес» тақырыбында эссе;
«Математика және менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе;
«Математика және мен» тақырыптарында оқушыларға эссе жаздыру. )
2) Сыни ойландыратын жазба жұмыстар арқылы оқытуды жақсарту. (Әр тараудың соңында оқушыларға математикалық ертегі жаздырып көру.)
Нәтижені талдау:
Сабақта және сабақтан тыс уақытта арнайы жазба жұмыстарын беру арқылы оқушылардың математикадан сауаттылығын артты;
Өзін-өзі, бірін-бірі тани білуге мүмкіндік берді;
Сыни ойландыратн жазба жұмыстар оқушының оқуға қөзқарасын өзгертті;
Оқушы өз ісіне сыни көзқараспен қарап, бағалауы өзгерді.
Бақылау нәтижесі мен деректерді талдай отырып. рефлексия жүргізу.
Жоспарды қайта құрып, циклды қайталау: Зерттеуден туындаған сұраққа жауап беру.