Мақсаты Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру. Міндеттері



бет3/3
Дата26.11.2023
өлшемі36,45 Kb.
#128315
түріБағдарламасы
1   2   3
Сондай-ақ келесі НҚА-ға өзгерістер енгізілуде:
- БҒМ-нің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына, Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне кәсіпорындардың оқу және еңбек шығыстарын норматив шегінде өтемақылық төлемін есептеу қосылады;
- БҒМ-нің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына, білім беру ұйымдары оқуға және еңбекке жұмсалған қаржыны кәсіпорынға аудара алуы үшін Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларында кәсіпорынның оқу және еңбек шығыстарын өтемақылық төлеу тетігі қарастырылады.
- БҒМ-нің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына: мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер тізбесіне дуальді оқытуға қатысатын кәсіпорындарға қаржы қаражаты жіберілуі үшін кәсіпорындарға бір көзден төлем жасау бойынша өзгерістер енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы
30 сәуірдегі № 62-ө өкімімен WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесі құрылды.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізілді (ҚР БҒМ 2020 жылғы 5 маусымдағы № 230 бұйрығы).
НҚА жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда, ҰБТ өткізу қағидаларына электрондық форматта өткізу бөлігінде, сондай-ақ жаңартылған мазмұн шеңберінде ҰБТ тест тапсырмаларына өзгерістер енгізілді.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
8 маусымдағы № 237 бұйрығы.
Өзгерістерге сәйкес халықаралық стандартталған сертификаттардың балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ЖОО – ға ақылы бөлімге қабылдау бойынша SAT (ЭсЭйТи-САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар адамдар үшін норма көзделеді.
2020 жылдан бастап гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарын жыл сайын өткізу жоспарлануда. Ғылыми мектептерді сақтау, ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, ғалымдардың жаңа генерациясын қалыптастыру мақсатында «жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» кіші бағыты жеке басым бағытқа бөлінген (ҚР ҮҚ 2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 290).

2020 жылғы 11 мамырдан 26 маусымға дейін 2020-2022 жылдарға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін өтінімдер электрондық түрде қабылданады.
Ғылымның нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми жетекшілерге және ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар арттырылды.
Мүдделі бизнес-әріптестер тарапынан қолданбалы ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру үшін 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы жобаны қажетті ресурстармен, соның ішінде қаражатпен де ішінара қамтамасыз етеді. Оған ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының қорғаныс, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жобалар жатпайды.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдедегі тапсырмасын іске асыру мақсатында БҒМ мемлекеттік органдармен бірлесіп 2020-2022 жылдарға арналған «ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, жеке сектордан ғылымға инвестиция тартуға және жалпы ғылымды дамытуға кедергі келтіретін барлық кедергілерге талдау жүргізу, оларды жою жолдарын әзірлеу» деген 3.3.27-тармағын іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді.
Жасалған меморандумдар мен келісімдер негізінде қазақстандық ғалымдар халықаралық ұжымдарға қатысады және шетелдік ірі зертханалық кешендерде жұмыс жүргізеді: Л.В. Гумилев атындағы ЕҰУ -19, ҚазҰУ Әл-Фараби – 46, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты-3, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ – 40, Х. Дулати атындағы ТарМУ -3, математика және математикалық модельдеу институты-3.
2020 жылғы 16 наурыздағы № 52 Web of science (Clarivate Analytics) және 2020 жылғы 18 наурыздағы № 54 Scopus (Elsevier) реферативтік базаларына, сондай-ақ 2020 жылғы 18 наурыздағы № 53 Science Direct (Elsevier) толық мәтінді деректер базасына шарттар жасалды. Деректер базасы 251 ұйымға қолжетімді.
Сонымен қатар, www.nauka.kz порталында Қазақстан Республикасында қорғалған диссертацияларға және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептерге реферативті форматта қол жетімділік ұсынылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет