Мақсаты Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру. Міндеттері



бет2/3
Дата26.11.2023
өлшемі36,45 Kb.
#128315
түріБағдарламасы
1   2   3
2022

2023

2024

2025

1.

1-6 жас аралығындағы
3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен % қамту.

81
100

81,7
100

82,6
100

83,5
100

84,6
100

85,3
100

2.

PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық зерттеуіндегі 15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері



PISA-2021: математика - 470,ғылым және жаратылыстану - 465, оқу - 440



PISA-2024: математика - 480, ғылым және жаратылыстану - 490, оқу - 450

3.

Балалардың
әл-ауқаты индексі



0,70

0,71

0,72

0,73

4.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі %

64

66

68

70

72

75

5.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі %

70

71

72

73

74

75

6.

Ғылымға ЖІӨ-ден жұмсалатын шығыстардың үлесі %

0,13

0,15

0,2

0,35

0,49

1

7.

Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі)

80

78

74

70

66

63

8.

Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық ресурстардың деректері бойынша 2018 жылы
(4873 бірлік) жарияланымдардың жалпы санынан рейтингтік басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың өсімі %.

25,1

37,7

50,3

62,9

75,5

88



Қаржыландыру көлемі
Бағдарламаны іске асыруға 2020 - 2025 жылдары 11 578 млрд.теңге (республикалық бюджет - 9 565 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 716 млрд. теңге, Дүниежүзілік банк - 13 млрд. теңге) көлемінде бюджет қаражаты бағытталатын болады., жеке инвестициялар - 1 284 млрд теңге), оның ішінде:
2020 - 1 161 млрд теңге
2021 - 1 336 млрд теңге
2022 - 1 708 млрд теңге
2023 - 2 311 млрд теңге
2024 - 2 383 млрд теңге
2025 - 2 679 млрд теңге
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы
СпраҚазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта іске асырылуы туралы ақпарат
Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру болып табылады.
Барлығы 8 индикатор, 40 көрсеткіш, 204 іс-шара қарастырылған.
2020 жылы 6 нысаналы индикаторды, 35 көрсеткішті, 190
іс-шараны іске асыру көзделген.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 7.3.тармағына сәйкес мемлекеттік бағдарламаны іске асырылуына мониторинг жылына бір рет жүргізіледі және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Министрлік Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына тоқсан сайын аралық мониторинг жүргізеді.
Аралық ақпарат бойынша 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта 6 мақсатты индикатор, 35 көрсеткіш және 32 іс-шара (2-ші жартыжылдыққа 158 іс-шара) орындалуда.
Индикаторлар мен көрсеткіштердің нәтижесі ҰБДҚ нәтижелері, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ресми статистикасы, бағынысты ұйымдар мен мемлекеттік органдардың есептік ақпараты бойынша жыл соңында қолжетімді болады.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде педагог мәртебесін арттыру, педагогикалық білім беруді жаңғырту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту, оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету, ТжКБ және жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің еңбекақысы 25% - ға артты% ()
("Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысы.). 
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында шаралар кешені қарастырылған, оның ішінде жалақыны екі есе арттыру, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік, магистр дәрежесі үшін жаңа қосымша төлемдер енгізу. Сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексергені үшін үстемақы 2 есе ұлғайтылды.
Педагогтың жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары қабылданды (2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрық).
Педагог лауазымдарының тізбесі бекітілді (2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрық), педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер енгізілді (тәрбиешілерден бастап білім беру ұйымдарының басшыларына және басқа санаттарға дейін). Инклюзивті білім беруге 2020 жылдың қыркүйегінен бастап тьютор бірлігі енгізілуде.
Педагогтың білімі мен құзыреттілігін сапалы және объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін педагогтарға кез келген ыңғайлы уақытта қатысуға мүмкіндік беретін ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырудың электрондық форматы енгізілді.
Жас педагогтарды қолдау үшін орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлік институты енгізілді (2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрық).
Педагогтарды қайта даярлаудың жаңа жүйесі енгізілуде, педагог мамандығына «шеттен» кіру қарастырылған.
Барлық педагогикалық ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңартты. 16 педагогикалық ЖОО STEM-білім беру аясында робототехника зертханаларымен қамтамасыз етілген. Студенттерді практикаға бағдарланған және үздіксіз оқытуды, мектеп әдіскерлері мен педагогтарына ақы төлеуді есептеу әдістемесін, оқытудың инновациялық тәсілдерін және оқытудың қазіргі заманғы стратегияларын, пәндік-бағдарланған тілдік оқытуды (CLIL) және т. б. көздейтін кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша жаңа әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Білім беру бағдарламаларының педагогикалық топтарына үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында биылғы жылдан бастап «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша өту балын 60-тан 70 балға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Шағын жинақты мектептердің сапасын, теңдігі мен тиімділігін жақсарту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында нәтижелілігі төмен мектептерге мықты мектептердің "қамқорлығы" мәселесі пысықталды. "Тірек мектеп — ресурстық орталық", "Жетекші мектептер — магниттік мектептер", "табысты дамып келе жатқан мектеп — жұмыс істейтін мектеп"бағыттары бойынша стратегия анықталды.
Жұмыс "әлсіз" мектептер басшыларының "күшті" мектептердегі тағылымдамаларын енгізу, Қалалық білім бөлімдерінің ауыл мектептеріне қамқорлығы, әртүрлі аудандар/қалалар шеңберінде "әлсіз" 10-11 сыныптарға "күшті" жетекшілік етуі (бұл бірлескен шығармашылық қызметке, онлайн сабақтар арқылы өзара сабаққа қатысуға, оқушылармен алмасуға ықпал ететін болады), "әлсіз" мектептердегі (облыс, аудан/қала, жол беріледі және республика шегінде) мықты педагогтарды оқушы жобаларына басшылық ету арқылы күшейтілетін болады.
Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау бойынша Жол картасы іске асырылуда. ЖАО-мен бірлесіп, республиканың 10 өңірінде дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтар ашылды (2020 жылдың соңына дейін тағы 7 өңірде ашылатын болады).
ҚР БҒМ Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ауыл мектептеріндегі педагогтарға, ата-аналарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мобильді консультациялық-әдістемелік көмек көрсету бойынша ұсыныстар әзірледі. Ауыл жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық-түзету кабинеттерінің басшылары үшін консультациялар өткізілді.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «үй тәрбиешілері институтын енгізу (әлеуметтік күтушілер), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың штаттық кестелерінде» әдістемелік ұсынымдарын әзірледі.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2 512 немесе 89,1% балабақша, 5 811 немесе 83,3% мектеп бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, оның ішінде 2020 жылдың бірінші тоқсанында – 12 ДО және 65 мектеп.
ЖАО-мен бірлесіп 2020 жылдың соңына дейін білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен, жылы дәретханалармен қамтамасыз ету кестесі жасалды.
Ы.Алтынсарин атындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен 2020 жылғы 26 наурызда Республикалық пән мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды.
Орта білім беру деңгейі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындаудың, сынақтан өткізудің, мониторингтің, басып шығарудың жаңа жүйесі әзірленді.
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауды енгізу мәселесі пысықталды.
Министрлік «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жоба әзірледі. Бұл жобалық қуаты 1200 орыннан асатын жалпы білім беретін мектептерді салу процесін жеделдетуге бағытталған шара.
Дуальді оқытуға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында МЖМБС-да өндірістік практикаға арналған сағат көлемін есептеу көзделген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет