Өтпелі тақырып. «Дені саудың жаны сау»
Мақсаты:Балаларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Еңбекқорлыққа,тазалыққа баулу.
Тақырыбы: 1. Шығыршықтың ішіне қос аяқпен секіру.
2. Кегельдер арсымен жүгіру.
Мақсаты:
а) Балаларды шығыршықтың ішіне қос аяқпен секіруге және кегельдер арасымен жүгіруді үйрету. Жаттығуды орындағанда арақашықтарды сақтауға дағдыландыру;
ә) Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: доптар, кегельдер, шығыршықтар және ойынға қажетті заттар.
Сөздік жұмыс: жүру, допты лақтыру, лақтыру, қос аяқпен секіру.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Нұсқаушының іс - әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық– қозғаушылық
|
1. Бір тізбекке тұру.
2. Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау)
Бір тізбекпен жүру.
Тік ұста да бойыңды,
Жоғары соз қолыңды.
(Қолды жоғары созып жүру)
Бүйір таяп қос қолмен
Көтер аяқ оң жақтан,
Көтер аяқ сол жақтан
Құлап кетсе, сәл сақтан.
(Қол белде, оң, сол аяқты көтеріп жүру).
Күнде жасап жаттығу,
Қан жүгіртіп алайық.
(Баяу жүгіру)
Балаларға үлкен себеттегі доптарды көрсету. Доптарды балалардың өздеріне алғызып, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.
|
Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.
Сәлемдеседі.
Бірінің соңынан бірі жүреді, жаттығуды орындайды.
Доптарды өздері себеттерден алады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |