Мақсаты: Балалар және ересектер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру. Міндеттері



бет5/6
Дата01.03.2023
өлшемі28,52 Kb.
#70716
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Апталық-1

Өткізілетін сынып: 4, 5 «А»
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату. «Достық» ұғымы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Доп, А4 парақтары, кішкентай шар, маркерлер
Құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

  3. Негізгі бөлім.

1-жаттығу. «Кел, амандасайық!»
Нұсқау: Үстелдің үстінде берілген суреттер арқылы оқушылар бір- бірімен амандасады.
2-жаттығу. «Әңгімелесу» (сұрақ-жауап).
- Балалар, «достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достар қандай болу керек?
- Нағыз достар қандай болады?
- Достары көп болуы үшін адам қандай болуы керек?
3-жаттығу. «Кедергілер»
Нұсқау: Оқушылар қолдарына ақ парақ ұстап тұрады. Оларға кішкентай шар беріледі. Шеңбер құрып, ақ парақтарды бір-біріне қосып ұстап тұрады. Шарды осы парақтың үстімен жүргізеді, бірақ құлатып алмау қажет.
4-жаттығу. «Мақал-мәтелді жалғастыр»
1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан......................(көзіңе мақтар)
2.Досыңа күлме келер ......................................(басыңа)
3.Доссыз адам тамыры жоқ ..............................(ағашпен тең).
4.Досқа күлкі қылма, дұшпанға..........................(таба қылма)
5.Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен ............................................................(сыйлас)
6.Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғанан ................................ (сақтан)
7.Ақылсыз достан, ақылды .................................(дұшпан артық.)
8.Дос басқа қарайды,
Дұшпан.................................................................... (аяққа қарайды).
9.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті.......................................................(дау алмайды)
5-жатығу. «Жақсы қасиет».
Мақсаты: топтың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын дамыту.
Нұсқау: Барлығымыз шеңбер құрып бір-біріміздің арқамызға ақ парақ қойып, алдымыздағы адамның жақсы қасиетін немесе ұнаған жерін жазамыз.
6-жаттығу. «Нұсқауды орында!»
Нұсқау: Жүргізуші оқушыларға орындарын тұруды сұрайды. Жүргізушінің нұсқауы бойынша оқушылар жаттығуды орындайды.
Қорытынды: Оқушылар тренингтен алған әсерімен бөліседі.

«Эмоциялық шаршау және ретке келтіру» тренингі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет