5-жаттығу. «Жылдам қимыл»
Нұсқау: Оқушылар екі қатарға бір-біріне қарап тұрады. Жүргізугінің нұсқауымен жердегі затты үлгеріп жылдам алуы қажет.
6-жаттығу. «Стакандар»
Нұсқау: Стакандар тіке мұнара тәріздес болып тұрғызылады. Стакандардың арасына қағаз қойылады. Осы қағазды жылдам тартып қалу арқылы стакандарды бір-біріне кигізу қажет.
Қорытынды. Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Сыныптастарымен достық қарым-қатынас құруға ықпал ету.
Көрнекілік құралдар: қаламдар.
Құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
Негізгі бөлім.
1-жаттығу. «Сұрақ-жауап».
Нұсқау: Оқушыларға достық жайлы сұрақтар қойылады:
Достық дегеніміз не?
Сіздің достарыңыз қандай?
Достар не үшін керек?
2-жаттығу. Тыныс алу жаттығуы.
Мақсаты: стресс деңгейін түсіру.
Нұсқау: Оқушы тік тұрады. Екі иығын құлағына қарай көтергенде тыныс алып, бірнеше секунд ұстап тұрады. Иықтарын түсіргенде тынысын шығарады.
3-жаттығу. «Сапқа!»
Нұсқау: Жүргізуші «Сапқа» деп айтқанда, оқушылар сапқа тұрады:
1) төртбұрыш болып
2) үшбұрыш болып
3) домалақ болып
4) бой бойынша
5) «М» тәріздес
4-жаттығу. «Бәріміз бірге».
Нұсқау: Оқушылар шеңберге тұрады. Әр оқушылардың бір-бірінің арасында алақандары қаламмен жалғанып тұрады. Оқушылар қаламдарды түсіріп алмай, жүргізушінің белгісі бойынша оңға және солға шеңбер бойымен айналуы қажет.
5-жаттығу. «Тыныштықта санау».
Нұсқау: Оқушылар көздерін жұмып, бір-бірімен ақылдаспай, сыныпта қанша оқушы бар, сол санға дейін санау қажет. Әр оқушы бір саннан айтып шығады.
Қорытынды бөлім.
Рефлексия. Оқушылар таратылған стикерлерге «Саған бүгінгі тренингтен не ұнады?», «Тренингтен өзіңе қандай түйін алдың?», «Тренингтен алған әсерің қандай?» сұрақтарына өз жауаптарын жазады.
Оқушыларға жақсы күн тілеп, тренингке қатысқандары үшін алғыс айту және қоштасу.