Мақсаты: Балалар және ересектер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру. Міндеттері



бет3/6
Дата01.03.2023
өлшемі28,52 Kb.
#70716
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Апталық-1

Видеоролик көрсету: https://youtu.be/cdvK_grLI-c

  1. Қорытынды бөлім.

Рефлексия. Оқушылар таратылған смайликтердің ішінен тренингтен алған әсерлеріне сәйкесін таңдайды.
Оқушыларға жақсы күн тілеп, тренингке қатысқандары үшін алғыс айту және қоштасу.

Жақсы көңіл-күй – жан азығы


Өткізілетін сынып: 6,7 «А»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: қаламдар.
Құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

  3. Негізгі бөлім.

1-жаттығу. «Бір-бірімізбен амандасайық!»
Мақсаты: бір-біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды эмоционалды атмосфера қалыптастыру.
Нұсқау: І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасыңыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы амандасыңыз.
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы амандасыңыз.
ІV нұсқа: шынтақтарыңызды тигізу арқылы амандасыңыз.
2-жаттығу. «Көңіл- күйімді тап»
Нұсқау: Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?»
Осындай көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды.Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы, белгілі бір сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің міндеттері – бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре білу және шеше білу.
3-жаттығу. «Пазл»
Нұсқау: «Достық» тақырыбында оқушыларға сурет қиындылары беріледі. Осы суреттерді біріге отырып құрастыру қажет.
4-жаттығу. «Досыңды сипатта» 
Нұсқау: Тақтаға екі оқушы шығып, бір-біріне 2 минут аралығында сырт бейнесіне қарап шығады. 2 минуттан кейін бір-біріне арқаларын тигізіп қойып тұрады. Орнында отырған оқушылар екі оқушыға кезек-кезек сұрақ қояды. Мысалы, «Арманның киімінің түсі қандай? Қолында сағат бар ма?» деген сынды сұрақтарды қою арқылы тақтадағы оқушы жауап береді. Бұл жаттығу оқушының аңғарымдылығын, зейінін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет