Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту. Балаларды бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету, бір-біріне жаны ашып көмектесуге бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге көмектесу Бірлесе жұмыс жасай алуға үйрету



бет5/7
Дата07.03.2022
өлшемі40,69 Kb.
#27200
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дос

Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»

Дұрыс таптыңдар жарайсыңдар балалар.Гүлдер өмірдің сәні,табиғаттың көркі. Гүлдерге қарасақ бізге олар қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріледі.Олардың көптеген түрлері бар.Далада өсетін гүлдер. Көктем мезгілі келгенде ең алдымен бәйшешек гүлі шығады,


Далада,қырларда қызғалдақ гүлдерімен әдемі болып кетеді. Ал мерекелерде, туған күн кештерінде сыйлайтын раушан гүлінің түсі қызыл,хош иісті болып келеді. Раушан гүлі ең әдемі гүл. Қараңдаршы біздің топта гүлдердің бірнеше түрлері бар, олар біздің тобымызға көрік беріп тұр. Бірақ олар көрік бере қоймай, ауаны да тазартып тұрады екен.
Ал енді мынау алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ қолымызға кірмейді.алоэнің емдік қасиеті бар. Мысалы жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ жапырағынан кесіп алып жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылып кетеді екен. Міне гүлдердің дәрілік қасиеті де бар екен.
Енді гүлдердің сырт келбетімен танысайық. Тамыры- сабағы-жапырағы-гүлі.
— Сендер тобымызда әдемі гүлдер көп өскенін қалайсыңдар ма?
— Гүлдің қалай өсетінін білгілерің келе ме?

Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет