Мақсаты: бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстарын зерттеу, қасиеттерін қарастыру


Оксидтер – екі элементтен тұратын және оның бірі оттегі болатын күрделі заттар



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі2,63 Mb.
#20864
1   2   3

Оксидтер – екі элементтен тұратын және оның бірі оттегі болатын күрделі заттар


оксидтер

негіздік


амфотерлы

қышқылдық

Оксидтердің алынуының екі үлкен тәсілі бар.

Жай және күрделі заттарды жағу аркылы

бейметалдарды:

C+O2=CO2


S+O2=SO2

металдарды:

2Cu+O2=CuO

2Mg+O2=MgO

күрделі заттарды:

CH4+2O2=CO2+2H2O

2H2S+3O2=2H2O+2SO2

Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы

2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2O

CaCO3→CaO+CO2

H2SiO3→H2O+SiO2

Оксидтерді әрі карай тотыктыру аркылы

2SO2+O2=2SO3

4FeO+O2=2Fe2O3

Оксидтердің физикалық қасиеттері:

Оксидтер үш агрегаттық күйде болады:

CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;

CO2, SO2, NO2 - газдар;

H2O, N2O3(t<0) - сұйық.

CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;

CO2, SO2, NO2 - газдар;

H2O, N2O3(t<0) - сұйық.

Қышқылдық оксидтердің қасиеттері

Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:

Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;

SO2+H2O=H2SO3;

СO2+Н2O=Н2СO3

Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі.

қышқылдық оксид + су = қышқыл

Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді

CO2+CaO=CaCO3

P2O5=2Na3PO4

қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз

Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су береді

SO3+2NaOH=Na2+H2O

Cr3+Ca(OH)2=CaCrO4+H2O

қышқылдық оксид + сілті = тұз + су

Негіздік оксидтердің қасиеттері

Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді

Na2O+H2O=2NaOH

CaO+H2O=Ca(OH)2

Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады.

белсенді металл оксиді + су = сілті

Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді

CaO+2HCl=CaCl2+H2O

CuO+H2SO4+H2O

негіздік оксид + қышқыл = тұз + су

Негіздер


ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар

Негіздердің алынуы

1. Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі нәтижесінде:

2Li+2HOH=2LiOH+H2↑

Sr+2HOH=Sr(OH)2+H2↑

2. Белсенді металдардың оксидтерінің сумен әрекеттесуі нәтижесінде:

К2O+Н2O=2КOН

3. Ерімейтін және екідайлы негіздерді олардың ерімтал тұздарына сілті ерітіндісімен әсер ету арқылы алуға болады:

ZnSO4+2NaOH=Zn(OH)2↓+Na2SO4

Pb(NO3)2+2KOH=Pb(OH)2↓+2KNO3

4. Өндірісте ерімтал негіздерді олардың тұздарының ерітінділерін электролиздеу арқылы алады. Олай болса, негіздерге мынадай анықтама беруге болады:

Негіздер дегеніміз молекула құрамында металл атомдарымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоп (ОН) бар күрделі қосылыстар.

Гидроксотоп бір валентті болғандықтан негіз құрамындағы металдың валенттілігі қанша болса гидроксотоптың саны да сонша болады.

Негіздердің химиялық қасиеттері

Барлық негіздерге ортақ қасиет - олардың қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзуі.

Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі

Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін мына тәжірибеден көруге болады. Стаканға шамалап калий гидроксидін құйып алып, оған 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызсақ ол таңқурай түсіне боялады. Енді осы стаканға жайлап шыны таяқшамен араластыра отырып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызсақ, ерітіндінің түсі біртіндеп жойылады. Себебі мына реакция жүреді:

2КОН + H2SO4 = K2SO,4 + Н2О

Суда ерімейтін негіздер де қышкылдармен әрекеттеседі.

Ғе(ОН)3+ЗНСl=ҒеСl3+ЗН2O

Осы реакцияның жүргенін бастапқы қызыл-коңыр түстің біртіндеп сарғыш тартқанынан және тұнбаның еруінен білуге болады. Бұдан мынадай тұжырымға келеміз:

негіз + қышқыл = тұз + су

Сілтілердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі

Сынауыққа жаңадан әзірленген әк суынан аздап құйып алып, оған шыны түтікпен үрлесек, біраздан кейін лай пайда болады, себебі біз тыныс алғанда бөлінген көмірқышқыл газы реакцияға түседі:

Ca(OH)2+CO2=CaCO3↓+H2O

сілті + қышқылдық оксид = тұз + су

Суда ерімтал негіздердің (сілтілер) ерекше қасиеттері - ерімтал тұздармен әрекеттесе алуы.

Сілтілердің суда ерімтал тұздармен әрекеттесуі

Бұл реакция жүру үшін нәтижесінде бір зат тұнбаға түсуі керек.

3NaOH+FeCl3=Fe(OH)3↓+3NaCl

Ba(ОH)2+Na2SО4=BaSО 4↓+2NaOH

Сонда мынадай қорытынды жасауға болады:

ерімтал жаңа сілті + тұз = тұз + негіз

Суда ерімейтін негіздердің термиялық ыдырауы олардың ерекше қасиеттері болып табылады

Cu(ОH)2→СuО+H2О—Q

Екідайлы негіздердің қасиеттері

Олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз және су түзеді, негіздік қасиет көрсетеді.

Zn(ОH)2+H2SО4=ZnSО4+2H20

Ал сілтілермен әрекеттескенде қышқылдың қасиет көрсетеді. Ендеше негіздің формуласын қышқыл ретінде жазып аламыз:

Zn(OH)2→H2ZnO2

H2ZnO2+2NaOH=Na2ZnO2+2H2O

су + тұз сілті + екідайлы гидроксид+ қышқыл→тұз + су[

Қышқылдар

Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.

Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) – қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O|+SO2↑

Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады:

H2+Cl2=2HCl

H2+S=H2S


Түзілген газдарды суда еріткенде қышқылдар алынады.

Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады:

SО2+H2О=H2SО3

SО3+H2О=H2SО4

Қышқылдық оксид + су = қышқыл

Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарына концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады.

Ас тұзының кристалдарына концентрлі күкірт қышқылын қосқанда хлорлы сутектің ақ тұманы газ күйінде бөлінеді, оны суда ерітіп тұз қышқылын аламыз.

NaCl+H2SO4=2HCl↑+Na2SO4

Осы реакцияны кеңсе желіміне концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп көрсетеміз.

Na2SiО3+ 2HCl = H2SiO3↓ + 2NaCl

Тұздар

Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.



Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:

күшті негіз бен күшті қышқылдан;

күшті қышқыл мен әлсіз негізден;

әлсіз негіз бен күшті қышқылдан;


  • әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген.

Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді:

I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан KCl, K2S04, NaN03, NaCl;

ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;

ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет