Мақсаты: бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстарын зерттеу, қасиеттерін қарастыру



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі2,63 Mb.
#20864
1   2   3
Байланысты:
презентация 1122

Тұздардың химиялық қасиеттері:

Тұз + металл (белсенді) = тұз (жаңа) + металл (белсенділігі төмен)

CuSO4+Fe=FeSO4+Cu

Осы реакция кері бағытта жүре ме? Жоқ, жүрмейді, себебі мыс металдардың белсенділік қатарында сутектен кейін тұр. Мұндай типті реакциялар жүру үшін мына шарттар орындалуы керек.

Белсенділік қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.

Реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болу керек, егер түзілген тұз ерімейтін болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді.

Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі:

Сынауыққа мәрмәр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйсақ, төмендегі реакция жүреді, нәтижесінде газ бөлінеді:

СаС03+2НСl=СаСl2+Н2С03

Н2С03=Н20+С02↑ (реакцияның жүру белгісі)

2NaCl+H2S04=Na2S04+2HCl↑

Жалпы сұлбаны былай беруге болады:

тұз + қышқыл = тұз (жаңа) + қышқыл (жаңа)

Реакция типі – алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары:

Реакцияға қатысқан қышқыл реакция нәтижесінде түзілетін қышқылдан күшті және тұрақты болу керек.

Тұздардың өзара әрекеттесуі

Сынауыққа барий хлоридінің ерітіндісін құйып, оған натрий сульфатының ерітіндісін коссақ, ақ түсті тұнба пайда болады, ол мына реакцияның жүргендігінен:

BaCl2+Na2S04=BaS04↓+2NaCl

NaCl+AgN03=AgCl↓+NaN03

Реакция типі – алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары мынадай:

Реакцияға қатысатын тұздардың екеуі де ерімтал болуы керек.

Түзілген тұздардың біреуі тұнбаға ( ↓ ) түсуі керек.

Сұлбасы мынадай:

тұз + тұз = тұз (жаңа) + тұз ↓(жаңа)

Тұздардың металдармен әрекеттесуі

Тәжірибені қарастыратын болсақ . Мыс хлоридінің көгілдір ерітіндісіне темір шегені батырса , біраз уақыт өткенде ерітіндінің түсі жасылданып, шегенің бетіне қызыл сары мыс қонғаны байқалады.Белсендірек темір мысты тұзынан ығыстырып шығарады:

Fe=CuCl2=FeCl2+Cu

Әрбір металлдың басқа металдарды оның тұздарынан ығыстырып шығаруы, металдардың кернеу қатарына тікелей байланысты. Бұл былай өрнектеледі:

Метал+тұз+жаңа тұз+бос металл

Мысалы: Zn+Cu(NO3)2=Zn(NO3)2+Cu



Орындаған:

Нұрдәулет Гүлжанат

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет