Лекция №6 Ас қорыту жүйесі. Зат пен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы



бет1/9
Дата24.08.2023
өлшемі138,58 Kb.
#105559
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6-7 дәрістер


Лекция № 6
Ас қорыту жүйесі. Зат пен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы.


Ac қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне кажетті қоректік заттарды тамақтану аркылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас корыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды қүрады.
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамактың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т.б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады. Асты корыту “конвейер негізінде” жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады. Мысалы: Автомобиль зауытында үнемі жылжып тұратын конвейер лентасының әр жерінде отырған жұмысшылар өзіне жүктелген бір ғана жұмысты істейді, айталық, жылжып келген рамаға автомобильдің кабинасын, кезектегі келесі жұмысшылар мәшиненің рулін қондырады т.с.с. Міндеттері әртүрлі қаз қатар отырған жүмысшылардың алдында баяу ғана жылжып отырып конвейерден бір кезде толық автомобиль шығады.
Сол сияқты жеген тамақ та ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ac ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ac қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.
Бұл химиялық “конвейерде” асты қорыту ерекше заттар - ферменттер - арқылы іске асады. Ac қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды бөледі. Адамның іші “кеуіп” мазасы кетеді. Әрбір фермент тек өзіне тән жұмысты ғана орындайды, бір ферментті екіншісімен алмастыруға болмайды. Әрине, жоғарыда келтірілген зауыт конвейерінің мысалы тек сырт көрініске ғана ұқсас, шын мәнінде ас қорыту өте күрделі қызмет. Дегенмен ас қорыту жүйесін зауыттың конвейерімен бейнелеп сипаттау күллі ас қорыту мүшелерінің біртұтас, бір-біріне байланысты қызметін толық елестетуге мүмкіндік береді.
Тамақтың құрамын (ет, нан, көкөніс, жеміс т.с.) химиялық тұрғыдан зерттесек, онда қоректік заттар - белок, май және көмірсу, витаминдер тұздар жене су бар екенін білеміз.
Белок таза күйінде жұмыртқаның ақ уызында болады, май - өсімдік және жануарлар майы мен сары май, ал көмірсу - крахмал мен қант түрінде кездеседі.
Eгep бір кесек етті алып зерттесек, оның құрамында көп мөлшерде белок, аздаған май мен көмірсу болады. Ал картопты зерттесек, керісінше, онда көмірсу көп болып, белок пен май аз болады. Қазіргі кезде барлық тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу, витаминдері мен тұздары толық зерттелген. Тіпті дайын тағамдардың да мұндай көрсеткіштері белгілі.
Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу - өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы - қоректік заттар - организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.
Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы - олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.
Тамақтың кұрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің қатысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар - глицерин мен май кышкылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер - адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен сіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.
Ac корыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұткыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет