Мақсаты: Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар өтпелі кезең. Қытай өркениеті. Қытай дамуының циклдық кезеңдері. Көшпенділер және Қытай. Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы



бет6/7
Дата19.02.2022
өлшемі45,63 Kb.
#25919
1   2   3   4   5   6   7
Корея

Мақсаты:

1.Корея үш патшалық кезеңінде.

2.Силла мемлекеті.

3.Тхэбон мемлекеті.

4.Феодалдық рента, ірі жер иеленушілік.

Корея тарихына байланысты деректерде кезедесетін мәліметтердің айтуына қарағанда Корей түбегін мекендеген аймақтарды әртүрлі тайпалар орналасқан. Солтүстігінде когурё, емэк, окчо, оңтүстігінде (Ханган өзенінің оңтүстігін бойлай мекен еткен) хан тайпалары, ол тайпаның өзі үш бөліктен тұрған; махан (немесе жай хан), чинхан, пёнхан. Жергілікті халықтың негізінен шұғылданған кәсібі үй жануарларын өсіру, аңшылықпен айналысу, балық аулау және теңіз кәсібімен шұлыдану, соның ішіндегі ең басты кәсібі егіншілік болып табылған. Ауыл шаруашылығына тиесілі барлық өнімдердің барлығын өсірумен айналысқан, оның өзіндік атауы болған «бес түрлі нан», яғни арпа, бидай, бұршақ, күріш және конопля. Киім тігу ісіне байланысты өндірген өнімдері (жібек маталар) болған.

Өндірістік қатынастардың қалыптасуы келесі жаңа кезеңнің дамуына толықтай жол ашты. Бірақта бұл іс әр аймақта әртүрлі деңейде жүзеге асып отырды. Таптық қатынастардың қалыптасуы кореяның солтүстік бөлігінде қарқынды түрде дамыды Солтүстіктегі когурё тайпасы Амноккан(Ялу) өзенінің бойында орналасқан. Тайпалық одақтың ішінен ауқатты адамдар біртіндеп бөліне бастады, ауқаттылар- тэга деп аталды. Тэга тайпадағы барлық билікті өз қолдарына жұмылдырды. Елді басқарып, билік жүргізетін королді өз орталарынан сайлап, ол әскери көсем құзырын атқарды. Халық жиналыстарында сот істерін, қылмыс жасағандарды қатаң жазалау тәртіптерін, жаулап алу кезінде тұтқынға түскен адамдарды көрші тайпаларды жаулап алудағы қарақшылық әрекеттерге пайдалануды басты мақсат етіп қойған.

Окчо және емэк сиқты тайпалар когурёнің тәуелділігінде болып, оған тиесілі мөлшерде салық төлеп отырды. Салықтың түрлері бидай, балық, аң терілерімен шектеліп қана қоймай, қосымша когурё аристократиясы үшін күңдерді кәниязак ретінде жіберіп отырған.

Әскери қарақшылық әрекеттердің нәтижесінде ауқаттылар алтын көмкерілген киімдерге оранып, халықтың қамын ойлауды естерінен шығарып жатқан сәтте, тайпа ішінде кедейшілікке тап болып күндерін көре алмай жатқан, толықтай қудалау ұшыраған «хахо», яғни күйзелген адамдар атты тағы бір тап пайда болды.

Ал оңтүстікте таптық қоғамның қалыпасуы солтүстікке қарағанда тежелу процесінен өтті. Хан тайпасын 78 -ге жуық тайпалық одақтарда алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары толықтай сақталған. Қытай деректерінде бұл тайпалық одақтарды «мемлекеттер» деп атайды.

Когурё тайпалық одағында мемлекеттік аппараттың негізі қаланған. Мемлекеттік құрылысты қысқаша баяндап берсек; Ван (король) - әскери көсем, мемлекеттің басшылық қызметін атқарған.Рулық аристократия әскери шендік қызметіне тағайындалып, Когурё де 12 разрядқа бөлінген әкімшілік қызметтерінде өздерінің тегіне қарай қызметте құзырлық еткен. Корей жылнамаларынан бізге дейінгі белігілі болған мәліметтерге назар аударсақ, оның мазмұны көбінесе жеке меншіктің мүддесін қолдаумен болған. Мәселен, ұрлық жасағаны үшін оның өтемін он екі есе рет артығымен төлеуі тиіс. Егерде өзге біреудің малына шығын жасаған күнәсі үшін қожайынның мәңгілік құлына айналған. Аталып өткен заңдарға назар аударатын болсақ, оның ешқайсысы да қарапайым адамның мүддесін заң жүзінде қорғап тұрғаны шамалы екенін байқаймыз.

Когурё мемлекетінің құрылуы туралы зертеушілерде нақты деректер жоқ. Бірақта ІУ- У ғ.ғ. аралығында Когурё мемлекеті дамыған, мықты мемлекеттердің қатарына көтерілді. Сонымен қатар Корей түбегінің байтақ аймағында иелік етті. Оңтүстікте мемлекеттің дамуы пэкче, саро, силла, кая т.с.с ең ірі тайпалардың көршілес тайпаларды күштеп бағындыру арқасында жүзеге асырылып отырды. Жаулап алынған тайпалардың ақсүйектері жаулап алушы ақсүйектер өкілдерімен біте қайнасып кетті. Пэкче тайпасы ІІІ-ІУ ғ.ғ. көршілес тайпаларды бағындырып, Ханган және Кымган өзендерінің төменгі бойларында Кореяның оңтүстік- батысында пэкче ақсүйектері мықты мемлекет орнатты .

У- УІ ғ.ғ. алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы орталықтанған Сила мемлекеті құрылды. Негізгі орталығы Саро қауымы немесе Соболь, ол қазіргі Кёнчжу ауданында орналасқан, сонымен қатар Нактонган өзенінің бойында басқа да тайпаларды бағындыру бойынша өз қимылдарын жалғастыра берген. Жаңадан құрылған мемлекетте басқарудың территориялық әкімшілік прниципі сақталды. Шенеулік аппараттардың тағайындалуы жекеленген рангтар бойынша жүзеге асырылп отырды. Силла оңтүстігінде Кая қауымын және алшақта жатқан Усан аралын өз қолының астына бағындырды.

Сөйтіп, УІ ғасырда Корей түбегінде үш мықты мемлекет пайда болды. Олар; Когурё, Пэкче және Силла, кейіннен осы үш мемлекеттің арасында өзара күрес басталады.

Корейдің тарихи ғылымында осы үш мемлекеттердің арасындағы өзара тартыс туралы пікірлер ұзақ уақытқа дейі даулы болып келді. Корей тарихшылары аталып отырған осы үш мемлекет құл иеленушілік мемлекет деп айтылған пікірлердің төңірегінде дау- дамағайлар әлі де толыққанды аяқталмаған. Жаңадан құрылған ауқатты таптық құрылым жерге деген жеке меншікті белсенді өкілдердің қолына көшуіне мүмкішдік туғызды. Феодалдық эксплуатацияны жүзеге асыруда мемлекет тарапынан күштеу саясаты негізгі роль атқарды. Когурё мен Силлада феодализмге «ауқаттандыру» жүйесі кеңінен таралды.

Құлдар өндірісте маңызды орнындарын жоя бастағанын дәлелдейтін деректер бар. УІ ғ. басында Силла мемлекетінде король өлген кезде оны соңғы сапарға шығарып салу салты бойынша, онымен бірге 10 құлды құрбандыққа шалатын салт - дәстір толығымен өз күшін жояды. Бұл дегеніңіз мемлекетте құлдарға деген көзқарастың өзгергендігін байқаймыз. Жылнамаларда кезедсетін тағы да бір қызықты жайты атап өтуге болады. 558 жылы Кая тайпасы бағындырылғаннан кейін, силлалық әкери қолбасшы Садахамға 200 тұтқынды сыйлыққа алады. Бірақта ол тұтқындарға «еркіндік» сыйлап, олардың егіншілікпен айналысуына мүмкіндік жасап, қарапайым халық арасында мәртебесі көтеріледі.

Мемлекетте үстемдікті күшейту үшін корей аристократтары тек қана басқару жүйесін ұйымдастыруды Қытайлардан үйренуді жүзеге асырған жоқ, тіпті олар қытайлықтардың идеологиясын пайдалануға тырысып бақты. Корей мемлекетінің билеушілері қытай идеологиясының негізгі өзегі конфуциандықты қолдана отырып, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген принципті ұстанды. Мемлекеттік қызметке шенеуліктерді арнаулы конфуциандық мектептердегі дайындықтардан өткен соң ғана тағайындау туралы ұйғарым қабылданған. Аталып отырған кореяның территориясындағы осы үш мемлекеттегі барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелердің барлығы тарихи шығарма ретінде қағаз бетіне түсіріліп отырған. Жазбаша деректер қарастырып отырған кезеңдегі мемлекеттің дамуы туралы бүгінгі күнде мол мәлімет бере алады.

Феодалдық құрылыстың нығаюы мақсатында корей мемлекетіне Қытайдан енген қосымша идеологияның негізгі көзі – буддизм болып табылады. Буддизм мемлекетті басқару жұмысын ұйымдастыруда конфуциандыққа қарағанда ерекше орынға ие болды. Сонымен қатар буддизм Корей ақсүйектерінің мықты одақтасына айналды. 372 жылдары Когурёде алғашқы буддистік монархтардың орталықтары қалыптаса бастады. Буддистік монархтар өздерімен бірге буддалық кітаптар мен будданың бейнелерін ала келді. Халық арасында буддизм дінін дәріптеу кеңінен қолдау таба бастады. Себебі қарапайым халықтың мүмкіндігінің шектеулі деңгейде болуы жат жерлік бұл идеологияның оны қоғамда ерекше орынға ие болуына ықпал етті және жергілікті шенеуліктердің күштеу саясаты арқасында ғана жүзеге асырылды. 384 жылы Пэкче королінің өтініші бойынша Оңтүстік Қытайдан буддистік монархтар арнаулы түрде шақырылды.

Силла мемлекетіне буддизм Когурёден еніп, УІ ғасырдың бірінші жартысында кеңінен таратылды. Бұл кезеңде Силлада мемлекеттік басқару аппараттары тұрақтана бастаған болатын. Силла мемлекетінің басшысы ван (король немесе князь) титулын иемденді. Мемлекетті әкімшілік тұрғыда бөлу процесі қалыптасты, яғни аймақтар, уездер. Бұл аймақтарға аристократия өкілдері мемлекеттік қызметкерлер құзырын атқаруға тағайындалатын. Силла мемлекетінің астанасы- Кымсон (қазіргі Кёнчжу қаласы). Кымсон қаласы өз заманындағы ең ірі қалалардың біріне айналды. Басқа қалалық аймақтармен үнемі байланыста болу үшін почтааралық байланыс қолға алынып, оның жол тораптары су, ауа, құрғақ байланыс жолдары арқылы жүзеге асырылып отырды.

Корей мемлекеттері арасындағы өзара тартыс еш уақыт толастамады. Мемлекет ішіндегі өзара тұрақсыздықты тыныштандырып алмай, көршілес елді- мекендерге қарақшылық қимылдар танытып отырды. Когурё мелекетіне қытай феодалдары бірнеше рет шапқыншылық жасады. 246 жылы Қытайдағы үш патшалық кезеңінде, солтүстегі Вэй әскерлері Когурёнің астанасын басып алды. Бірақта Когурё әскерлері жауға тойтарыс беріп, өз аймақтарынан қуып шықты. ІУ ғасырда Когурё сяньбийліктер тарапынан үздіксіз шапқыншылыққа тап болды. Нәтижесінде Когурё сяньбийліктерді өз аймақтарынан ығыстырып, Ляодун жартылай аралына толықтай үстемдігін орнатты. Сөйтіп, ІУ ғ. аяғы мен У ғ. басында Когурё мемлекетінің басшысы(ван) Квангэтхо тұсында территориялық кеңеюі жағынан ең мықты мемлекеттердің біріне айналды.

Когурё мемлекетінің оңтүстік бөліктерін кеңейту мақсатында астана Пхеньянға ауыстырылады, жүргізілген іс- шаралар барысында Пэкче мемлекетімен қарулы қақтығысқа болды. Пэкче әскеріне оңтүстікке қарай шегінуіге тура келді.

Корей мемлекеттері мен Қытай арасында мәдени және экономикалық байланыстар нығая бастады. Қытайдың солтүстік династиясымен өзара күрес барысында, корей мемлекеттері байланысты оңтүстік династиялармен орната бастады. Оң түстік Қытайдан діни және саяси идеяларды қомақты түрде пайдалануды, толықтай жүзеге асыру процесі мемелекеттік қызметтік жұмыста қолданысын таба білді. Кореяға сонымен қатар шебер қолөнершілерде ағылып келіп жатты. Бұл аз болғандай кореяға қытайдың әдебиеті мен жазуы өкшелей ене бастайды.

Тарихта қалған тағы бір дерек, ол Силла мемлекетінің жағалауларына жапон дықтардың жүргізген шапқыншылықтары туралы ақпараттар кездеседі. Яғни, корей мемлекеттері тек қытай тарапынан ғана емес, сонымен қатар жапондықтар тарапынан да шапқыншылққа тап болып отырғанының дәлелі болып табылады. Кейбір жағдайларда Силла мемлекетінің аристократтары үздіксіз жаугершіліктен шарашандықтан, мемлекеттер арасында келісім шарт жасасу әрекеттеріне дейін барғандығы туралы мәліметтер кездеседі. Пэкче мемлекетінің басшылары жапон әскерлерінің мықты күшін өздерінің көршілеріне қарсы күш ретінде қолдана білгендері туралы мәлімет бар. Қарап отырсаңыз бір аймақта өмір сүріп жатқан корей мемлекеттері өз мақсаттарына жету үшін өзіндік сатқындық қимылдарды жүзеге асырып отырғандарына көзімізді жеткізе аламыз.

У ғ. Когурё мемлекеті корей жартылай аралының тең жартысында өз үстемдігін орнатқаннан кейін, Пэкче мемлекетін ығыстыра бастады. Пэкче мен Силла арасында УІ ғасырда қарым- қатынас ынтымақтастық дәрежеге көтерілді. 551 жылы одақтастар Ханган өзенінің бассейнінен Когурё мемлекетін ығыстырады. Бірақта тартып алынған жерлер Пэкче мемлекетінің үлесіне қайтарылмайды. Себебі одан күшті мемлекет Силла мықтылығына қарап, басып алған аймақтарда өз үстемдігін орнатуды артығырақ көрді. Бұл әрекет екі мемлекет арасындағы одақтық құрылымның ыдырауына әкеп соқты. Кейінірек Пэкче Когурё бірігуді және жапондықтар тарапынан қолдау табуды мақсат етеді. Когурё мен Пэкче арасындағы өзара одақ нәтижесінде Силлаға қарсы күш біріктірілді. Силла мемлекеті болса, өзіне төніп тұрған қатердің анық- қанығына көзін жеткізген соң қытаймен одақтасуға бел буады.

УІ ғ. аяғында Қытай Когурё мемлекетін ең қауіпті мемлекеттердің қатарына жатқызып, оған қарсы соғыс отын жақты. 598 жылы Ян Цзянь Когурёні жаулап алуға күшті әскер мен флотын бағыттайды, өкінішке орай сәтсіздікке ұшырайды. Когурёге қарсы келесі жорық суй императоры Ян Гуанның жорығы болды. 612 жылы Когурёге қарсы тағы қарулы күш жұмсалды. Когурё халқы мен шебер қолбасшы Ильчи Мундоканың арқасында бұл жорықта сәтсіздікке тап болды. Тіпті, 613 жыл және 614 жылдар аралығында болған қытай шапқыншылықтары толықтай күйзеліске ұшырады.

Когурё мен Пэкче арасындағы одақтастықтың жаң күш алуы Силлаға үрей туғызды. Сондықтан да Силла қытай династиларынан көмек сұрауға бел буады. Сөйтіп, қытай мемлекетінің корейдің барлық әс шараларына тікелей араласуына толықтай кепілдік алды. 645 жылы тан әскерлері Ли Шиминяның басшылығымен Когурё мемлекетіне баса көктеп кіреді. Тан әскерлері Аньши(Ляодун) қамалында қатты соққыға кезігеді. Кейінгі қытай әскерлері Пхеньянға жорықта тағы да сәтсіздікке ұшырайды. Қытай мемлекеті тарапынан болып жатқан үздіксіз шапқыншылыққа әбден кектенген Когурё мен Пэкче Силлаға деген өшпенділіктерін одан ары арттыра түседі. Тығырыққа тірелген силла мемлекеті тан империясынан көмек сұрауға тағы да бел буады. 660 жылы Пэкче мемлекетіне Силла 50 мыңдық әскері тұтқиылдан шабуыл жасайды, оған теңіз арқылы 130- дан аса әскери құрамы бар тан империясы көмекке келеді. Шешуші қақтығыста Пэкченің астанасы Саби қоршауға алынып, оның королі мен аристократ өкілдері жаулап алушылардың қайырымдылыға ие болады. Пэкченің иелігіндегі барлық аймақтар Тан империясының провинциясына айналады. Оны бес бөлікке бөліп, әр бөлікке әскери қарулы күштерін шоғырландырды.

Пэкче мемлекетінің халқы басқыншылардың үстемдіктеріне қарсылық білдірді. Халық арасында осы бағытта қозғалыстар қалыптаса бастады. Халық қозғалыстарының басшылары буддистік діни ағымның өкілдері болды. Көтеріліс халыққа біраз мүмкіндіктер туғызып, үміт отын жақты, біраз аймақтар қытайлықтардан азат етілді. Бірақта 663 жылы халық көтерілісі тан империясы тарапынан толықтай басып жаншылды. Пэкче мемлекетін толықтай күйреткеннен кейін, Тан империясы мен Силла мемлекетінің мақсаты мықты бақталастары Когурё мемлекетінің көзін құрту болды. Когурё мемлекеті тығырыққа тірелді. Когурё мемлекетінің ішкі саясатындағы өзара тұрақсыздық мемлекетті әлсіретіп жібергендіктен қарсылас жауға еш төтеп бере алмады. Сөйтіп 668 жылы Тан империясы мен Силла мемлекеті Когурёнің астанасы Пхеньянды басып алады. Когурёнің территорясы толықтай Тан империясының үстемдігінде болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет