Ән: Сенің анаң алтын.
№1
1) Қымыз - мұрындық қандай мереке?
(қымыз - мұрындық мамырдың онынан бастап, ай соңына дейін созылады. Бие байлап, қымыз жинап той өткізеді. Жаз тойы тірілердің аман - саулығын тілеп, әруақтарға құран бағыштайды.
2) Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар атап беріңіз.(Сырға, жүзік, моншақ, білезік) №2 1) Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)
2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер
(келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады. Және оған 7 түрлі тағам қосылады.)
№3 1) Талмоншақ дегеніміз не?
(тақияға, сырт киімге бірнеше рет орап тағылатын моншақ)
2) Үш арсызды ата?
(Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
№4 1) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну, соғыс.)
2) Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)
№5 1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік.)
2. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар. (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, қамзол, мәсі, бөрік)
№6
1. Қысқы аяздарда киюге арналып малдың терісінен тігілген бас киім. (Тымақ.)
2. Жас нәрестеге арналған ағаштан жасалған төсек.( Бесік.)
№7
1. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге.)
2. Жас келінді барған елімен таныстыру жыры. (Беташар)
№8
1.«Бала тегіне тартады» дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?
2. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (Саптама, кебіс, етік)