І БӨЛІМ «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АНАСЫ» (ТАНЫСТЫРУ) 1.
2.
3.
4.
5.
Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін әдемі бір ән тыңдап алсақ тыңдап алайық:
Ән: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші:
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Ендігі кезекте жеңгелеріміз бен аруларымыздың салт-дәстүрден хабар беретін көрінісін тамашалуға рұқсат етіңіздер.
ІІ БӨЛІМ. «САЛТ –ДӘСТҮР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»(салт-дәстүрге байланысты көрініс қою) 1.
2.
3.
4.
5.
Би: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушылары
Жүргізуші: ІІІ БӨЛІМ. «ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ» (өз өнерлерін көрсету) 1.
2.
3.
4.
5.
Ән: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!- дей келе, қатысушыларымыздың бүгінгі кешке дайындаған қолөнер бұйымдарымен таныс болайық.
ІҮ БӨЛІМ. «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ»(қолөнер бұйымын көрсетіп, таныстыру) 1.
2.
3.
4.
5.
Би: «Бипыл»
Жүргізуші: Көзінің оттарын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Сайыстың келесі бөлімі «Салт –дәстүр – асыл қазынам» деп аталады. Шарт бойынша сіздер кеспе қағазда жасырылған ата салтымызға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік», — деген. Демек салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты, ендеше арулар мен жеңгелерімізді бұл қырынан да сынап көрелік.
Салт-дәстүрге негізделген сұрақтарға жауап беру үшін, ортаға қатысушы жеңгелерімізді құрметпен шақырамыз.
Бұл бөлімнің шарты әр жұпқа 2 сұрақтан беріледі: әр дұрыс жауапқа 5 балдан
2 - жүргізуші:
Олай болса алдарыңыздағы карточкаларды таңдасаңыздар
Күй: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші: Бойларыңда от бар екен, байқадым
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!