Машықтанушы студент: Махамбет Бегзатхан Еркін нысандағы есеп



Дата23.09.2023
өлшемі8,38 Kb.
#109958

Машықтанушы студент: Махамбет Бегзатхан
Еркін нысандағы есеп
Мен Махамбет Бегзатхан Амирханұлы 08.06.–28.06.2023ж. аралығында Қызылорда қаласы 1-май ауылы №40 орта-мектебінде жазғы сауықтыру лагері практикасынан өттім. Практика барысында барлық лагерь балаларымен және мектеп ұжымымен жақын таныстым. Күнделікті ойын/тапсырмалар дайындап әкелдім. Мектепте лагерь 01.06 күні басталғандықтан лагерьдің ашылуын мектеп мұғалімдері өткізген. Мен барған күні оқушылармен танысып, өзіме бөлінген топты алдым. Оқушыларды таңғы жаттығуға шығарып, жаттығу шығардым. Балалардың барлығының көңіл-күйі көтеріліп, бір сергіп қалды. Практиканың басқа күндерінде "Жасырын қорап" квест ойындарын, волейбол ойынын, ән сайысын, сахналық көрініс іс шарасын ұйымдастырдым. Ән сайысының жеңімпаздарын марапаттап, сыйлықтарын табыстап, суретке түстік. Лагерьдің соңғы күнінде жабылу кешін ұйымдастырып, балалармен қоштастық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет