М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі
«Жаратылыс ғажайыптар әлемінде» атты
Биология, Химия, География апталығының
жабылу салтанаты
Орындағандар:405К-ХО
Күні: 18.02.2022
Уақыты: 12:10
«Жаратылыс ғажайыптар әлемінде» атты
Биология, Химия апталығының жабылу салтанаты
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Биология, Химия, География» апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
1-жүргізуші:Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
жаратылыстану елінде,
орыс, қазақ тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып, шалқысып,
Көңілді ән салысып.
қызықты кеш жасайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
2-жүргізуші: Бүгін біз биология, химия, география елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін еліміз – биология елі
1-жүргізуші: Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
2-жүргізуші: Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір ауа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,береді ол қарызға.
Дей келе, әлемнің қазіргі ең ауқымды мәселесі-эколгиялық ластану екенін білеміз. Ендеше кезекті бізді қоршаған тірі табиғатты биологиялық тұрғыдан мегатаза қалыпта ұстау жөнінде жасалған видеоға мән берейік.
(видеоролик көрсетіледі 2 мин )
1-жүргізуші: Видеодан жақсы ой түйдіңіздер деген ойдамыз. Өскелең ұрпақ сіздерді табиғатты аялауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
1-жүргізуші: Химияда болады көп ертегі, Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой, Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын! Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!
1-жүргізуші:
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен, Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан
Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз. Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес, Үшінші емес – Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл? Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға! Жетпіс сегіз, Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі. Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.
2-жүргізуші: Келесі кезекті таңғажайып химиялық эксперименттерге береміз.
Вулкан глицерин мен марганцовка)
Золотой дождь)
Пламя дракона-көрермендер шақырылады)
1-жүргізуші:
Келесі кезекті география бағытына бұрайық. Көрінісімізді қабыл алыңыздар
(Жер, глобус, мусоры)
2- жүргізуші: Келесі кезекті ойынға береміз.
(көрермендермен ойын, сұрақтар. Сыйлықтар таратылады)
1 – жүргізуші : Алақаныңды аяма, халқым,
Өренге жас өнерге жақын.
Бойына қуат, күш-жігер берсін
Оған да керек лебізің жарқын
Бізге білім берген ұстаздарға қол соғайық.
2- жүргізуші: Біз таңғажайып реакциямызбен қорытындыласақ. (ақ параққа №92 лицей деп ақ параққа жазып, оны күйдіру)
1- жүргізуші: Осымен биология, химия, география ғылымдарының апталығының жабылу салтанаты да тәмәм болды. Біз сіздермен қоштаспаймыз. Келесі кездескенше дейміз. Сау-саламатта болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |