Менің алған мысалдарым
Менің алған мысалдарым
1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады...
Түркиялық психолог Ректор проффессор Ахмет Атаоғлу кинодан тәлім алудың зиянын былай түсіндіреді: «Ашудан немесе қайғыдан есін, ойлау қабілетін жоғалтатын әрекеттер де өзіне қол салуға немесе алдындағы адамға зиян беру әрекеттеріне итермелеуі мүмкін. Әсіресе бейнелі көрсетілімдерде осындай мәндегі эпизодтар орын алуы қоғамға және жастарға әсер етпей қоймайды. Теледидарда өзіне қол салу хабарлары көбейген сайын, осындай мәндегі оқиғалар, әңгімелер адамның санасына отырған сайын, алдағы күні алдынан шыққан келеңсіздіктерде санамыздағы қалыптасқан осындай әрекеттер орын алуы мүмкін.
Теледидардан романтикалық байланыстардың құлдырауы секілді себептерден өзіне қол салу және сол сияқты басқа да өмірлік жағдайларға тап болғанда, теледидардан көрген дәл сондай жағдайдағы кейіпкердің әрекеттерін қайталай бастайды. Сондықтан теледидардағы көрсетілімдер және ақпарат құралдарындағы басылымдар әсіресе жастарға әсер ететін өзіне қол салу әрекеттеріне романтикалық бояу қоспағандары жөн. Мүмкін болса өзіне қол салу хабарларына мүлдем орын бермеу, күн тәртібіне қоймау керек. Орын берілмесе зияны болмайды, ал орын берілсе зияны көп болады.»
«Креолды мәтіндер дегеніміз – әртекті екі бөліктен: вербалды және бейвербалды құралдардан тұратын мәтіндер». Креолды мәтіндердің маңызды элементтерінің бірі ретінде түс арнайы сөз болды. Газет мәтіндерінде ол аттрактивтік, мәнайырғыштық, экспрессивтік, символдық, эстетикалық қызметтердің бірін атқарады.
Креолды мәтіндерді автордың прагматикалық ұстанымын (материалға адресат назарын бірден аудару, әртүрлі түстер арқылы оқырман санасында түрліше ассоциациялар туындату, түрлі таңбалар арқылы символдық мәнді білдіру, суреттер мен фотосуреттер арқылы мәтіннің вербалды бөлігіндегі ақпаратты нақтылай, толықтыра түсу т.б.) барынша айқын көрсететін аса тиімді тәсіл деуге болады. Қазіргі қазақ баспасөзінде бұл тәсілдің кеңінен қолданылуы журналистикадағы жаңашылдық пен шығармашылық еркіндікті байқатады
Достарыңызбен бөлісу: |