21 жастан асқан адамдарға несиені оңды-солды үлестіретін қызметтің бұл түрі клиенттен жеке басты куәландыратын құжат қана талап етеді. Жұмыс орнынан табыс жөнінде анықтама, зейнетақы жарнасын аударатыныңызды растайтын құжат, несие тарихы қажет емес. 15 минуттың ішінде қалтаңызды қампайтып, әмияныңызды толтырып аласыз. Бәленің бәрі қарызды қайтарған кезде басталады.
49 мыңның машақаты
Шымкент қаласының тұрғыны, бағдарламашы Достияр Тілеубеков несие төлеуге ақша таппай, онлайн-сервистен 49 мың теңге алған. Сөйтіп қарыз үстіне қарыз жамаған.
Қазақстанда 4 өңір «қызыл» аймақта тұр
Бұл жерде ең алдымен көзіміз қызыл түске, одан кейін «қызыл аймақ» деген жазуға түседі. Одан кейін бетперде киген дәрігерді байқаймыз. Суретті бір көргеннен – ақ қазіргі кездегі эпидахуал жайынан хабар беретіні тақырыпты окымай – ақ белгілі.