Мата түрлері Сырт киімдік бағалы маталар



Дата14.12.2022
өлшемі14,39 Kb.
#57295
Байланысты:
Мата түрлері


Мата түрлері
Сырт киімдік бағалы маталар:барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.
Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.
Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.
Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.
Қазақ халқы пайдаланған мата атаулары:
Жібек – беті тегіс, жылтыр, қымбат мата.
Қамқа – зерлі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа – жол-жолы бар жұқа жібек мата.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Патсайы – тығыз тоқылған жібек матаның бір түрі.
Биқасап – енсіз жібектен тоқылған жолақ мата.
Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата.
Баршын – жолақты жібек мата.
Насар – жібек кездеме.
Қырмызы - жоғары сапалы қызыл жібек.
Пай немесе пайы – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Барқыт – түгі тығыз жібек мата.
Шибарқыт - бет жағы жол-жол болып келген барқыттың бедерлі түрі.
Баршын – жолақты жібек мата.
Құлпы – өңі құлпырып тұратын жібек мата.
Қазине – жібектен қалыңды-жұқалы етіп тоқитын мата. «Қазине қамзол кидім қиылмаған» (С.Мұқанов).
Тібен – түрлі түсті қалың мата.
Мақпал - тығыз тоқылған, қалың, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың қара мақпал – қара барқыт; қой мақпал – түкті пүліш, қырмызы мақпал – қызыл күрең барқыт деген үш түрі бар. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған.
Сәтен - сапалы мақта жiбiнен тығыз етiп тоқылған жылтыр мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ мата.
Шұға – жұмсақ майда түкті жүн мата.
Манат – сырткиімдік барқыт сияқты бағалы шұға.
Мауыт – оң жағы майда түкті келген қалың мата.
Қыжым – сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш.
Қойқын - жуан жіптен тоқылған қалың мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бірі түрі.
Ұштан – ақ түсті тығыз мата.
Шөжім – ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата.
Саң – шыттан қалыңдау, ақ түсті мата.
Шыт – жеңіл әрі арзанқол жұқа мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Боян – боялған бөздің бір түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Дабы – жұқа ақ матаның бір түрі.
Ләмбек – сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата.
Бөз – шаруалардың ішкиім үшін пайдаланатын, қолдан, мақтадан тоқитын матасы.
Аңдабы – жұқа ақ мата.
Ақсаң – ақ мата, сұпы.
Сиса - мақтадан тоқылатын, арзан бағалы, түрлi түстi, жұқа шыт мата.
Бәтес – мақтадан тоқылатын жұқа ақ мата.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Бүлде – сапалы, қымбат мата.
Доқаба – сырты түкті барқыттың жақсы түрі.
Үлде – қымбат жұқа мата.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет