Матаса байланысқан сөз тіркесі



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі76,5 Kb.
#133028
1   2   3
Есім баяндауыштар.
Қазақ тілінде есім сөздердің қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Мен студентпін-я студент. Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ та, елеулі айырмашылығы барлығы байқалады.
Егер "Мен студентпін" дегенді Я- студент деп аударсақ, ондағы айырмашылық баяндауышқа қазақшада жіктік жалғаудың жалғануында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың баяндауыштық дербестігі сақталып, сөйлемдік құрылысының берік болуында.
Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді, түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін бастауыш пен баяндауыш белгілі орындарда тұрады: Ол-студент, Рәбиға-инженер, Абай-ақын
«Бар», «жоқ» сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Арада тау бар, тас бар, теңіз бар, ит мұрны өтпейтін қалың орман бар,олардан қалай өттің?
Бұл сөйлемде бар сөзі бастауыштармен қатар тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсалған: тау бар, тас бар, теңіз бар, орман бар.
Сол сияқты, жоқ сөзі де баяндауыш болып жиі қолданылады:
-Жоқ, жоқ!Нағыз сулу, нағыз ақылды бала менікі еді… Сенде ол да жоқ.
Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар-жоқтығын факт ретінде баяндайды.
Құрама баяндауыштағы модальды сөздер.
Сияқты, секілді, тәрізді, шығар, болар, көрінеді, білем, керек, тиіс деген модальды сөздер есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте айтылғанда, оларға шақтық мағына қосу үшін емес, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көзқарасын білдіру үшін жұмсалады: Ағаштардың басындағы тығыз бұйра, ал қара Абайға қызық сияқты көрінді. Өзі бір тәжірибелі адам көрінеді.
Құрама баяндауыштар. Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден құралады.
Мысалы: Мына төсекте сақалы ербиіп жатқан-осы Нағиманың ері. Кәсібі-ағаш шабу.
Осы мысалдағы «Нағиманың ері»- күрделі есім баяндауыш. Егер оған «еді», «екен» , «болатын» сияқты көмекші етістік қосып айтсақ, баяндауыш құрама болады. Құрама баяндауыштың негізгі сөзі көбінесе есім болады.
Есім баяндауыштардың қызметін тиянақты ете түсіп, оларға шақтық,видтік, модальдық мағына қосу керек болғанда, олардан кейін әр түрлі көмекш іетістіктер, модальдық сөздер айтылады. Мысалы, Анатолий Кондратьевич сөзге сараң адам екен деген сөйлемнің баяндауышы-сараң адам екен.
Асқар сағатына қараса, сағат тілі тоғыз болып қалған екен. Мұндағы есім баяндауыштың құрамында үш көмекші етісті бар: тоғыз-негізгіде, болып қалған екен-көмекші сөздер
Құрама баяндауыштардың негізгі сөзі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік,еліктеуіш сөздер болады да, оларға көмекші етістіктер (еді,екен,ет, бол, қыл,көр) немесе модальды сөздер ( керек, тиіс, шығар, болар, сияқты) қатысты болады. Мысалы: Сен бала едің, Мен жас емеспін, Оқушылар тәртіпті көрінеді.
Көмекші болып құрама баяндауыштың құрамында жұмсалатын көмекші етістіктің бірі - ет.
Ол, алдымен, еліктеуіш сөздермен жиі тіркеседі.
Сонау жиекте, көз ұшында, қара бұлттар тұтасып, нажағай жарқ-жұрқ етеді.
Дыбыссыз тұншығып жатқан Жамалға бір сәуле жарқ етті
Есім баяндауыштарға көмекші болатын етістіктің тағы бір түрі-көр етістігі. Ол бол етістігіндей кез келген есімдерге көмекші болмайды, тек, -дай,-дей қосымшасында тұрған есімдерге, сияқты рас, өтірік тәрізді сөздерге көмекші болады:
1.Ол үлкен адам сияқты көрінді.
2.Үйіліп жатқан қырман таудай көрінді
Кейбір сөйлемдерде есімдер мен етістіктер тұрақты тіркес қалпында құрама баяндауыш болады.
Торы ат көзіме оттай басылды.
Күрделі баяндауыштардың қимыл кезеңдерін білдіруі.
1. Қимылдың басталу кезеңдері. Отыр, қал, жатыр, кел, баста, жөнел көмекші етістіктер қатысты күрделі баяндауыштар қимылдың не күйдің басталу қалпын, басатып талғанын білдіреді. Таң бозары атып келеді.
2. Кимылдың болып жатқан кезеңі. Мұндай мағынада жұмсалатын баяндауыштың құрамында тұр, кел, бер, жүр, қой, түс, т. б. көмекші етістіктері болады:
Сәуле сабақ үйретіп жүр.
3. Қимылдың аяқталып қалған ке-зеңі. Мұндай мағынаны білдіретін күрделі
баяндауыштың құрамында қал, кел, кете, жазда сияқты көмекші етістіктер болады. Сабақ аяқталып қалды.
4. Қимылдың аяқталған кезеңі. Күрделі баяндауыштар бұл мағынаны білдіру үшінолардың құрамында жібер, кет, бер, бол, қой, таста сияқты көмекші етістіктер болады: Әмірге кітап алып берді.
5. Қимылдың дүркінділігі. Қой, бер,жатыр, отыр, түс, бар сияқты көмекшілер қатыстыкүрделі баяндауыштар қимылдың қайталақтанға-нын, істің дүркін-дүркін істелгенін білдіреді: Апай күрсініп қояды.

Назарларыңызға рақмет!

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет