Математика есептерін шығару әдістері(мәтіндік есептер) Алдасугуров Еркебулан



бет3/5
Дата30.03.2023
өлшемі19,69 Kb.
#77456
түріОқулық
1   2   3   4   5
20+4=24; 24:2=12; 12-4=8

2 есеп. Екі санның қосындысы 20. Бір сан екіншісінен үш есе кіші. Сандарды табыңдар. Бұндай есептерді шығарғанда кіші санды бөліктің бірлігі етіп алып, үлкен сан мен қосындыны сол арқылы өрнектейді. Бұл тәсіл бөліктеу тәсілі деп аталады. Шартын схема түрінде берген қолайлы, есепті шешуге жеңілділік тудырады.

Талқылау. Егер кіші санды 1 бөлік деп қарастырсақ, онда үлкен сан дәл осындай үш бөліктен тұрады, ал олардың қосындысы төрт бөліктен тұрады, ол 20. Сондықтан 20:4=5 – бұл кіші сан, ал үлкен сан 5*3=15.

Сандардың қосындысы мен олардың салыстырмалы еселігіне есептер беріп жаттықтырғаннан кейін сюжеттік есептерге көшуге болады. Мысалы: Екі қорапта 20 қарандаш, біреуінде екіншісіне қарағанда карандаштар саны 3 есе артық. Әрбір қорапта неше карандаштан бар?
3 есеп. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шабактан екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі. Барлық үсынылған балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша сазан көп болмауы керек, сондықтан «соңғы» ретте, әрине сазанның санын аламыз. Айталық, балықшы бір ғана сазан ұстады дейік, онда шабақ - үшеу, бекіре алтау, ал шортан отыз бір болып, есептің шартына қайшы келеді. Енді сазаннан екеу болсын дейік, онда шабақ - алтау, бекіре он екі, ал шортан - жиырма бір. Бұл да есептің шартына сай келмейді. Ендеше үш сазан ұстады дейік, бұдан шабак тоғыз, бекіре он сегіз, ал шортан - он бір. Енді төрт сазан ауланды делік, яғни шабак он екі, бекіре жиырма төрт, шортан - біреу. Сонымен есептің екі жауабын алдық.
3 сазан, 9 шабақ, 18/ бекіре, 11 шортан.
4 сазан, 12 шабақ, 24 бекіре және бір шортан.
4 есеп. Тағы да бір мысал келтірейік: 3 алма мен 4 алмұрт 620 грамм және әрбір алма алмұрттан 20 граммға (2 есе) артық тартады. Алма неше грамм, алмұрт неше грамм?
Талқылау. Егер алма мен алмұрттың салмақтары бірдей болса, яғни алма 20 грамға жеңіл болса, онда үш алма 60 грамға жеңіл болар еді, онда үш алма мен төрт алмұрт 620-60=560 грамм тартар еді. Онда бір алмұрт 560:7=80 грамм, ал алма 80+20=100 грамм болар еді.
Алма алмұрттан екі есе артық тартса, онда бір алмұрт бір бөлік, ал алма екі бөлік, сонда үш алма төрт алмұрт 3*2+4*1=10 бөлік. 620:10=62 грамм алмұрт, 62*2=124 грамм алма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет