3
Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара
орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель
деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік
жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим
сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан
бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 –
1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр –
біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс
– Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор
Дамасский 118 – 125 жылдары салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш
рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт
Мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м.
Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық
құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер
жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына
үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын,
акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі
архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: