Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(76), 2021
9
ғалымдардан Муратбекова Молдир еңбектерінде «ізденушілік», «ізденіс-зерттеушілік іс әрекет»
ұғымдарына анықтама келтірілген [6]. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Н.А.Кенбаева
және Д.А.Мунарбаевалар мақалаларында мұғалім оқушының өзіндік зерттеушілік әрекетін
қалыптастыруда оқушыға нақты зерттеудің әдістерін, жүйелерін қандай тәсіл қолдану арқылы жетуге
болатын әдістерді үйрету керектігі туралы жазған және әдістерді бірнеше шартты кезеңдерге бөліп
қарастырған [7]. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік
қабілеттерін қалыптастыру үшін «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен ізденіс-зерттеушілік
іс-әрекеттерін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
—
ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет түсінігін педагогикалық психологиялық талдау;
—
10-11- сыныптар үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқулықтарына педагогикалық
талдау жасау;
—
ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларын құрастыру.
Оқушылардың іс-әрекеттері ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық, оқу-танымдық, оқу-
зерттеу, эвристикалық түрлерге бөлінеді.
Ізденіс – бір нәрсеге қол жеткізуге ұмтылу, бір нәрсені іске асырудың жаңа жолын табуға
талпыныс (ғылымда,өнерде және т.б.).
Ізденушілік іс-әрекет - проблемалық тапсырмаларды шешуге бағытталған танымдық қызмет түрі.
Ізденушілік іс-әрекеттің маңызды ерекшелігі ойдың талдау фактілерінен тұжырымдар мен
қорытындыларға қарай қозғалысы.
Математиканы оқыту әдістемесінде зерттеушілік іс-әрекет «өнімі жаңа білім болып табылатын
шығармашылық іс-әрекет» деп түсінілген [8].
В.А. Гусев, В.А. Далингер, Д. Пойа, Т.А. Иванова
және т.б. педагог математиктер зерттеушілік іс-әрекетті математиканы оқытуда оқушылардың оқу
танымдық белсенділіктерін арттырудың тиімді құралы ретінде қарастырған. Авторлар оқушылардың
тапсырма шешімдерін өз бетімен іздеу қабілеттерінің қалыптасуына көп көңіл аударған.
В.А. Далингер ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті «теориялық білім негізінде қойылған
проблемаларды өз бетінше шешу процесі; шешімдер нәтижелері ретінде, іс-әрекет тәсілдері мен
процестердің шешімін алдын ала анықтау және болжау» деп анықтады [9].
Т.П. Куряченко ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті «бастапқы эвристикалық және зерттеушілік іс-
әрекеттегі өзіндік тәжірибе негізінде жүзеге асырылатын оқу ізденушілік іс-әрекет» деп
анықтады [10].
С.А. Кравцова ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті объектілердің, құбылыстардың, процестердің,
олардың арасындағы функционалдық байланыстардың маңызды белгілерін анықтауға және қоршаған
ортаның зерттелетін фрагментінің тұтас психикалық бейнесін құруға мүмкіндік беретін танымдық
әрекеттер мен операциялардың бірізділігі деп түсінеді [11].
Н.В. Лысенко ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті оқушылардың проблемалық міндеттерді шешуге
бағытталған субъективті білімді өз бетінше ашуы жүретін, оның барысында оқушылар бір уақытта
жаңа білімдер алатын, сонымен қатар оларды кейіннен өз бетінше алу қабілеті мен дағдылары
қалыптасатын мұғалім ұйымдастырған іс-әрекет ретінде түсіндіреді [12].
И.Б. Карнаухова ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетінің келесі анықтамасын тұжырымдайды: ізденіс-
зерттеушілік іс-әрекет- бұл объективтілікпен, дәлдікпен, дәлелділікпен, қайталанатындығымен
сипатталатын және ғылыми білім әдістерін меңгеруді, өз бетінше іздеу, зерттеу әдістерін меңгеруді
қамтитын, жаңа материалды талдауды үйрену (зерттеу), баламалы құралдар мен шешімдер іздеу
қабілетін игеру, шығармашылық қызметтің жеке элементтерін меңгеру [13].
Достарыңызбен бөлісу: