2. Жаңа сабақ Қызықты есептер шығарту.
2-кезең
1-топ. Тапсырма: Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу? 10 балл
2-топ. Тапсырма: Қоршаудың ішінде бірнеше бұзаулар жүр. Олардың аяғы ның саны 12. Қоршауда жүрген бұзаулар саны қанша? 10 балл
3-топ. Тапсырма: Аквариумда 6 балық бар.Әрқайсысында 2 балықтан болу үшін әліде қанша аквариум сатып алу қажет? 10 балл
3. Сергіту сәті
Біздің келер шамамыз
5-тен 3 ті аламыз.
3 ке қосып 2 нің
Жауабын тез табамыз
Біздің келер шамамыз
Кішілерге ағамыз
Апай айтқан сандарды
Біз қатесіз жазамыз..
4. «Миға шабуыл» ойыны:
1-топ Екі тауықтың салмағы бір қаздың салмағына тең. 2 қаздың салмағы неше тауықтың салмағына тең болады? 8 балл
2-топ Бақшада 10 алма ағашы, 10 қайың ағашы, 4 алмұрт ағашы мен 6 шие ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы қанша жеміс ағашы өсіп тұр? 8 балл
3-топ Ағасы 2 кесе айран ішті. Қарындасы ағасының ішкен сүтінің жартысын ғана ішті.Қарындасы неше кесе айран ішті? 8 балл
5. Интерактивті тақтамен геометриялық фигуралар құрастыру.
«Шашылған фигуралар» ойыны арқылы 3 топ өзі білетін геометриялық фигуралар құрастырады. 7 балл
6.Сабақты қорыту:
27 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Математикалық қызықты есептер. Тест жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
«Қызықты есептер»
1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)
2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
7. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
8. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)
9. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)
70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)
10. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)
Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)
11. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)
12. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)
Достарыңызбен бөлісу: |