Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:. Психологиялық дайындау



бет18/25
Дата22.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#44905
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Ғажайып математика 1 ә

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:. Психологиялық дайындау.
Күн жарығын алақанға саламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді жүрегіме басып ұстай қаламын.
Жып –жылы болып кетер сонда дереу жан- жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Жұмбақ жасыру.
Он екіге жетіп,
Жүргені кері кетіп (сағат)
Сағат бойынша жұмыс жасау. Сағаттың тілдерін анықтау. Уақытты үйрету. Топтамамен жұмыс жүргізу. Екі таңбаларды көрсету, ондықтарын, бірліктерін ажырату. 41,65,11,12,13,24,36,49 Мысалы 41 санында 4 ондық, 1 бірлік бар т.с.с.

Жаңа сабақ.
Уақыт бірліктері. №1 плакатпен жұмыс жасау. Оқытқызу, түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. Өмірмен байланыстыру. 1апта – 7 күн, 1 жыл – 12ай, 1 мүшел – 12 жыл.
- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күз
Күз белгілерін атау
-Ендеше жапырақ терейік.
«Жапырақ теру» ойыны. Сағатпен, минутпен өрнектеп жазу.
Тақтамен жұмыс жапырақ теріп, себетке саламыз (жазбаша)
90 мин.= 1сағ. 30мин.
100 мин.=1сағ 40 мин
80 мин .=1 сағ. 20 мин
70 мин.= 1сағ. 10 мин
«Орамал тастамақ» ойыны (ауызша).
1сағ. 20 мин.= 80 мин
1сағ. 30мин. = 90 мин.
1сағ 40 мин =100 мин.
1сағ. 10 мин.= 70 мин
Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгін сендермен не өттік?
- Уақыт бірліктерін.
Уақыт бірліктерін атау. (Сағат, апта, минут, секунд, тәулік, ай, жыл, мүшел, ғасыр).
26 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Математикалық қызықты есептер. 
 Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қызықты есептер шығарту арқылы оқушы ойын, есеп шығару дағдысын қалыптастыру. 2. Ойлауға, есептеуге және ауызша есептей білуге үйрету. Жан-жақты ойлауын дамыту. 3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру.
1-кезең 1.Қызығушылықты ояту.
Бірнеше таяқшаларды үстел үстіне қойып 3 топқа тапсырма беріледі.
1-топқа Таяқшалардан шаршы құрастыру.
2-топқа Таяқшалардан үшбұрыш құрастыру. 9 балл
3-топқа Кесінді құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет