«Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» Математика пәні мұғалімі



Дата08.02.2023
өлшемі18,44 Kb.
#66180
Байланысты:
әдіст тақ


«Рублевка орта мектебі» КММ
«Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»
Математика пәні мұғалімі: Естаулетова Б.Т.

2022-2023 оқу жылы


Жеке даму жоспардың тақырыбы: «Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»
Мақсаты:  Жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Міндеттері:

  • Инновациялық технологияны игеру;

  • Өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу;

  • Оқулық, анықтамалық және қосымша әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Нәтижеге жету жолдары:

  • Жаңа педагогикалық технологияларды оқып- үйрену;

  • Әріптестерінің сабағына қатысу және тәжірибе алмасу; 

  • Зерттеушілік қабілетті дамыту.

Пән бойынша сыныптан тыс қызметі:

  • Математика пәні бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру және өткізу;

  • Әртүрлі олимпиадаларға білім алушыларды қатыстыру;

  • Пәннің апталығын өткізу.

Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. «Жай бөлшектерді бөлу» (5 сынып), «Рационал сандарды қосу және азайту» (6 сынып) , «Рационал сандарға амалдар қолдану» (6 сынып) т.с.с ашық сабақтар берілді.
Ашық сабақ құрылымы барысында қазіргі кезде енгізіліп отырған әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып отырдым. Сонымен қатар Microsoft Office бағдарламалар жиынтығы, Prezi, Kahoot, Geogebra, Activstudio т.с.с бағдарламаларды қолданып, сабақты барынша қызықты әрі, көрнекті түрде өткізуге тырыстым.
Білімімді жетілдіру курстары пән бойынша әдістемелік әдебиеттерді оқып, интернет желісіндегі педагогикалық жаңалықтармен танысып, білімімді тереңдетіп отыруға тырысамын. Сонымен қатар: Bilim Land сайттарының қолданушысы болып табыламын.
Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан -жақты дамыту болып табылады.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру барысында жұмыстанудамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет