Математика сабағында оқытудың жаңаша формаларын ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығы. Калтаева Гульмира Каироллаевна



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі23,9 Kb.
#137967
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Калтаева Мақала

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады.

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады.

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Бағалау(сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

Қайталау сабақтарында оқушылардың өткен тақырыпты толық меңгергенің білу үшін оқушыларды баяндаушы-сынаушы (критик)-талдаушы (аналитик)-сұрақ құрастырушы деп бөліп тапсырмалар беремін. Оқушылар өздері талдап, өздері бір-бірін бағалауға мүмкіндік алады.
Баяндаушы – әңгімені мазмұндайды;
Сынаушы – баяндаушының жіберген қателерін айтады;
Талдаушы – баяндаушының жақсы жақтарын айтып,қорғап шығу керек;
Сұрақ құрастырушы – сұрақтар даярлайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» – деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін [3, 120 бет].
Тұлғаның бейімділігін,қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, фукционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру – мұғалімдерге жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі

1 Керімбекова А. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы үйрету. – Алматы: Білім, 2009. – 164 бет.


2 Алпысов А.Қ.Математикана оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негіздерген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. – Алматы, 2000. – 220 бет.
3 Бұзаубаева К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2004. – 234 бет.

Автор туралы ақпарат:


Калтаева Гульмира Каироллаевна Бастауыш сынып мұғалімі, ЖезУ, 100600, Сәтбаев қ. Абая көшесі, 13 дроп 3, пәтер 28, kairollaevna10@yandex.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет