2. Білу. Оқушылар таратылған парақтарды қарап тірек сызба жасайды.
Дайын жауапты тақтаға іледі
|
«Теңдеулерді зерттеген ғалымдар жайлы»
Слайд көрсету
6-сынып оқулығы
Портреттер,
Плакат, түрлі -түсті кеспе
|
3. "Джигсо" әдісімен 190- беттегі бір айнымалысы бар теңдеуді шешу алгоритмін және мысалдарды оқуды ұсыну
|
6
|
3.Түсіну . «Джигсо"
әдісімен тақырыптағы «Теңдеулерді шешу алгоритмін» өз бетінше оқиды. Мысалдарды талдайды
Топ мүшелері берілген сұрақтар бойынша кесте толтырады.
|
Ереже таратпалар
Үлестірмелер
|
4. Оқулықтағы А деңгейлі тапсырмалар ұсынылады
|
25
|
4. Қолдану . А нұсқасынан
№ 85-89 есебін шығарады
|
|
Қосымша оқу
|
|
5.Зерттеу жалпы түсінік, формула
|
кесте
|
Бағалау
|
2
|
1.Өзін-өзі бағалау: "Баспалдақ" әдісі
2.Критериалды бағалау
|
парақтар
|
Рефлексия :
|
2
|
кері байланыс
|
Стикерлер
|
-11-
№1 Білу.
1.1. «Мағынаны тану»
1.2. Слайд көрсету «Теңдеулерді зерттеген ғалымдар жайлы»
№3 Түсіну. Алгоритм бойынша жеке жұмыс(әр оқушыға дайындалды)
№
|
Берілгені
|
2(4х – 3,5) = 2х +5
|
1
|
Түрлендір
|
|
2
|
Жинақта
|
|
3
|
ах=в түріне келтір
|
|
4
|
Түбірін тап
|
|
№4 Қолдану. Оқулықтан А нұсқасы бойынша №835-837 есептерді шығару. Топтар өздері таңдайды, бірлескен жұмыс іске асады.
№5 Зерттеу. Ереже үлестірмелер арқылы түсініктерін кеңейтеді.
№6 Бағалау.
№3 Негізгі бөлім
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Жалпы мақсаты
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін, теңдеудің түбірін табу алгоритмін есептер шығаруда қолдану
|
Оқыту нәтижесі
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін, теңдеудің түбірін табу алгоритмін есептер шығаруда қолданады
|
Түйінді идеялар
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмін жатқа білу
|
Әдіс -тәсілдер
|
Деңгейлеп оқытуды 2-сатысы: «Миға шабуыл», иллюстрациялық,
|
Жаттығулар
|
Оқулықтағы міндетті оқушылық деңгейлі тапсырмалар топта орындайды, оқулықтан А- деңгейлі жаттығуларды шығарады
№ 834
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
|
Оқушылардың іс әрекеті
|
Ресурстар,жаб-р, көрнекіліктер
|
1.Сыныпта "жайлы" атмосфера құру: «Ырғақты шапалақтар» ойынын жүргізу.
"Ми гимнастикасы"
2.1.Үй тапсырмасын талдау:
|
0,5м
2
2
|
1. "Ырғақты шапалақтар"
"Ми гимнастикасы"
3 3 3 3 3 = 1
3 3 3 3 3= 2
3 3 3 3 3= 3
|
6-сынып оқулығы
Плакат, түрлі -түсті кеспе парақтары
|
«Миға шабуыл» Оқушыларға теңдеулерді шешу алгоритмін қолдану арқылы тиімді тәсілмен шешуге деңгейлік тапсырмалар беріледі.
2.2. «Теңдеулер жайлы»
Слайд көрсету;
|
6
2
|
2. Білу. Оқушылар таратылған үлестірмелердегі есептерді қалауынша шығарып тұсына атын жазып топ басшысына береді.
|
Түрлі-түсті қаламдар
Ноутбук
диапроектор
|
3. «Тез ойла» ауызша есептеу тапсырмасы.
|
3
|
3.Түсіну. «Тез ойла»
Экранда берілген бірнеше теңдеулердің ауызша түбірін табады.
|
Ереже таратпалар
Үлестірмелер
|
4. Оқулықтағы В деңгейлі тапсырмалар ұсынылады
|
25
|
4. Қолдану . В нұсқасынан
№ 853,854,855 есебін шығарады
|
6-сынып оқулығы
|
Қосымша оқу
|
3
|
5.Зерттеу модулмен берілген теңдеулер
|
Кесте-үлгі
|
Сабақты бағалау критерилерін қою
|
2
|
1.Өзін-өзі бағалау: смайликтер арқылы
2.Критериалды бағалау
|
смайликтер
|
Үйге тапсырма
|
|
№ 856, 857
|
|
Рефлексия :«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
2
|
кері байланыс
|
Стикерлер арқылы
|
№1 Білу.
«Миға шабуыл»: Эстафеталық ойын
Екі топтың әрбір мүшесіне үлестірмелер беріледі.
Шарты: топ мүшелері есептерді өзінің қабілетіне қарай таңдап, шығарған есебінің тұсына атын жазып қояды.Соңында топ басшысы кім қай деңгейдегі есепті шығарғаны туралы ұпай береді
І деңгейлі есепті шығарғаны үшін: -3 ұпай
ІІ деңгейлі есепті шығарғаны үшін -4 ұпай
ІІІ деңгейлі есепті шығарғаны үшін -5 ұпай
1-топ тапсырмасы:
Оқушының аты
|
І деңгей
|
|
y – 0.6 = 1.4
|
2х + 7= 8x +25
|
|
ІІ деңгей
|
|
4x + 5(3- 2x)=5 -11x
|
a= + a
|
|
ІІІ деңгей
|
|
|
|
2-топ тапсырмасы:
Оқушының аты
|
І деңгей
|
|
y + 2.7 = 3
|
18 + 3х= x + 14
|
|
ІІ деңгей
|
|
19 - 2(3х + 8)= 2х - 37
|
в - = в
|
|
ІІІ деңгей
|
|
|
|
-12-
1.2. Слайд көрсету: «Теңдеулер жайлы»
№3 Түсіну. «Тез ойла» ауызша есептеу.
7 саны теңдеулердің қайсысының түбірі болады?
-13-
3х – 4 = 5; х2 – 49 = 0;
2. Түбірін тап: 5х - 3 = 17; 2х = 17 +3х; 9х = 16 + 2
№4 Қолдану. Оқулықтан В нұсқасы бойынша № 853,854,855 есептерді шығару. Топтар өздері таңдайды, бірлескен жұмыс іске асады.
№5 Зерттеу. Кесте ереже арқылы түсініктерін кеңейтеді.
№6 Бағалау.
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақ барысында
не ұнады
(жұмыс туралы)
Сабақ барысында
не ұнады
(жұмыс туралы)
тілек
(нені жақсарту керек)
1. СӨЗЖҰМБАҚ ҚҰРАСТЫРУ
2. Өзіндік жұмыс
А деңгейі
Қандай сан теңдеудің түбірі болады?
а)3х-4=2; ә) х+3= -х+4
2. Теңдеуді шеш: 4(х-2) =2х+6
3. 4х-3= 5 теңдеуімен мәндес теңдеу құр.
4. Екі санның қосындысы 114-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 42-ге артық.Берілген сандарды табыңдар.
В деңгейі (қосымша беріледі)
1. | х-7|= 3 теңдеуін шеш.
2. -3 саны х2 +х - 6=0 теңдеуінің шешімі бола ма?
3. Теңдеулер мәндес пе?
| 2х-3|= 5 және (х-4)(х+1) =0
Шығармашылық сабақ
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Жалпы мақсаты
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін күрделенген теңдеуді шешуде қолдануды үйрену
|
Оқыту нәтижесі
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін күрделенген теңдеуді шешуде қолдануды үйрену
|
Түйінді идеялар
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмін, термин сөздерді білу
|
Әдіс -тәсілдер
|
Диалогты, деңгейлеп оқытудың 4-сатысы: шығармашылық
|
Жаттығулар
|
Оқулықтағы міндетті оқушылық деңгейлі тапсырмалар топта орындайды, оқулықтан А- деңгейлі жаттығуларды шығарады
№ 834
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
|
Оқушылардың іс әрекеті
|
Ресурстар,жаб-р, көрнекіліктер
|
1.Сыныпта "жайлы" атмосфера құру: Гимнастика биі
2.1.Үй тапсырмасын талдау;
2.1. "Математикалық лото"
Ойынын ұсыну. (үйге тапсырылған)
Шарты: ұяшықтарға тақырыпқа байланысты есептер жазылады, әрбір дұрыс шешімде нөмірленген жауап ретінде сөздер жасырылады.
3. Ауызша теңдеулерді шешу тәсілдеріне тоқталу(диалог)
4. Тест жұмысы
|
2
10
4
22
|
1. Гимнастика биі
Балалар топқа бөлінеді:
2. Білу. Оқушылар дайындап келген флипчарттарды тақтаға іліп, келесі топтан жауабын сұрайды. Егер дұрыс шешілсе оқу, білім туралы нақыл сөздерді оқиды.
3.Түсіну. Топ мүшелері теңдеулерді шешу алгоритмін жатқа айтып шығады.(ауызша
4. Қолдану . А, В, С деңгейлері бойынша тест тапсырмаларын орындайды.Әр есепте ұпаймен берілген.Дұрыс жауаптарына қарай жиынтық қорытынды баға қойылады.
|
Ноутбук
6-сынып оқулығы
Түрлі-түсті парақтар,
Флипчарттар,
Ереже таратпалар
Үлестірмелер
|
Қосымша оқу
|
3
|
5.Зерттеу теңдеу құру
|
Кесте-үлгі, мысал
|
Сабақты бағалау критерилері
|
2
|
1.Смайликтер арқылы
2.Жиынтық баға
|
смайликтер
|
Үйге тапсырма
|
|
С нұсқасының есептерін таңдау бойынша шығару
|
|
Рефлексия :
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
2
|
кері байланыс
|
Стикерлер арқылы
|
Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамасы
Оқушылардың сызықтық теңдеулерді шешудің бір тәсілін зерделеуге бейімделуге және кез келген сандар мен айнымалыны пайдалануды үйренуі үшін бірлескен оқуды дамыту керек екенін нақты түсіндім. Яғни, балалардың бір есепті шешу үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болатынын және нақты бір жағдайларда олардың кейбіреулері басқаларға қарағанда тиімдірек болуы мүмкін екендігін түсінгендерін қаладым. Сондықтан, сабақтар топтамасының соңғы екі сабағын деңгейлеп саралап оқытудың ІІІ және ІV сатылары: эвристикалық және шығармашылық бағытымен жоспарладым.
-14-
Бұл бөлімдерде оқушылар жұптасып жұмыс жасады. Жұптық жұмыс— берілген тапсырманы шешу тәсілін таңдап, өз тұжырымын әріптесіне ұсына отырып қайсысының қолданған тәсілі тиімдірек әрі нақтырақ екендігіне көз жеткізеді және таңдауларын келесі жұппен талқылап түсіндіре алады, сендіреді, дәлелдейді, дұрыс шешім қабылдайды. Мен оқушылардың өзара талқылаутәсілін пайдаланып, бір-бірін кезекпен тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, бір-бірінен үйренетініне және олардың әдістерінің де беделді болатынына сендім және солай болды.
Бірлескен оқудың мәні – ынтымақтастық оқу делінеді, яғни оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау, белгілі бір мақсатты іс үшін бірлесіп жұмыс жасайтын оқушылар тобы.Бір сөзбен айтқанда тек сыныпта ғана емес барлық жағдайлардағы адамдар топтарға бірлескендегі өзара іс-әрекет жасау философиясы.
3. Оқыту және оқу сапасын арттыру-мұғалімнің басты міндеті
Әлеуметтік-сындарлы оқытуға бағытталған жаңа тәсілдер оқушыға нақты білім беруді, пәнді терең түсіну қабілеттерін дамытуды, алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білуді мақсат етеді.Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін мұғалім жұмыс тәжірибесіне жаңа тәсілдер мен идеялар, бақылау мен зерттеулер енгізу керек.Әлемдік деңгейде кең тараған сындарлы оқыту теориясына сүйене отырып, "Балалар қалай оқиды?" қағидатын басшылыққа алып, білім беруде инновациялық үдерісті жүзеге асырғанда ғана шынайы, әділ, алға ұмтылған, өзіндік ой-пікірлері жүйеленген, реттелген оқыту ортасы құрылады.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние- білім беру жүйесінің басты міндеті оқыту және оқу сапасын арттыру үшін қажетті тәсілдерді шығармашылықпен зерделеу. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді және қазіргі сапалы білім беру саласын дамытудың ең тиімді әдісі ретінде қарастырылады.
Қорыта айтқанда, математика сабағында диалог арқылы оқыту тәсілін қолдану - сыни ойлауды жүзеге асырудың бірден - бір қозғаушы күші. Ал, диалогтік әңгімені дамыту үшін сұрақ қою әдісі әрбір сабақ барысында жүйелі, тиімді пайдаланылса оқушының білім алу сапасы жақсарады және
-15-
олар шағын топтарда бірлеседі, идеяларымен пікір алмасып, оны талқылайды, баға береді. Нәтижесінде оқушылар:
тақырыптың мәнін өз бетімен түсінеді және білім алудың қажеттігін сезінеді;
шынайы қызығады мен сезімдерін анықтайды;
жүйелі ойлануға, пікірлерін еркін айтуға үйренеді;
сыни ойлауға, өзін-өзі тануға және реттеуге, өзінің оқуы үшін жауапты болуға дағдыланады;
әлеуметтік ортада табысты қарым- қатынаста болуға үйренеді.
алған білімдерін тередетеді және шоғырландырады.
-16-
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ғылыми-әдістемелік журнал "Математика және физика" №4, 2015ж;
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық(МАН) ІІІ-деңгей;
3. Оқу әдістемелік құрал: ГЛОССАРИЙ;
4. Математика. 6-сынып оқулығы, 2015ж, "Атамұра" баспасы;
5. Оқыту әдістемесі. 6-сыныпқа арналған.
-17-
Пікір
Математика пәнінің мұғалімі А. Тайтелиеваның "Математика сабағында сыни ойлауды дамыту" тақырыбындағы баяндамасында сындарлы оқытудың негізі диалог құру арқылы сыни ойлауды дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып өткен сабақтар топтамасын әріптестерінің назарына ұсынып отыр.
Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін мұғалім жұмыс тәжірибесіне жаңа тәсілдер мен идеялар, бақылау мен зерттеулер енгізу керек. Баяндамашы әлемдік деңгейде кең тараған сындарлы оқыту теориясына сүйене отырып, "Балалар қалай оқиды?" қағидатын басшылыққа алып, білім беруде инновациялық үдерісті жүзеге асыру мақсатында жүргізген өзіндік тәжірибесін педагогикалық жұмыс өтілін жаңадан бастаушы мұғалімдерге әдістемелік көмегін тигізеді деген сенімдемін.
Ж. Омарханова
Директордың оқу ісінің орынбасары
Достарыңызбен бөлісу: |