МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Лесбек К. С.– магистрант
Ғылыми жетекшісі: Ахмет Л.С.– п.ғ.к., аға оқытушы
Орталық Азия Инновациялық университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан
АННОТАЦИЯ
Повышение познавательной деятельности учащихся 3-го класса на уроках математики
Ключевые слова: математика, развивающие, начальный класс, технология обучения.
ABSTRACT
Increase of cognitive activity of pupils 3-rd class on the lessons of mathematics
Keywords: mathematics, educational, elementary grade, technology of learning.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.
Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ
өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.
Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:
Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;
Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;
Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.
Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын
түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
Жылдың бесінші айын ата.
Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Көз адамға не үшін керек?
685 пен 687 арасында қандай сан бар?
Есік қандай геометриялық фигура?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:
Балаларға ойдан математикалық ертегі құрастыруға тапсырмалар беру.
Қиялдау арқылы сурет салғызу.
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:
Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)
Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Бастауыш сыныпта 6 жастан бастап 12 жас аралығында танымдық іс – әрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мәселенің бірі – оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру және демократияландыру педагогикалық – психологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тәрбиелеу баршаның ортақ ісі. А.Х. Аренова, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру бұл оқу әрекетінің субъектілері ұстаз бен оқушының бір – бірімен қарым – қатынасының бірлігін дәлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым, деп анықтама берген.
Осы анықтамаға сүйене отырып бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс- әрекетінің қалыптастыру моделін шығаруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында танымдық іс – әрекетінің қалыптастыру моделі.
Жаңа оқу технологиясында танымдық іс – әрекетті қалыптастыру басым. Әсіресе математика пәнінде оқушылар үнемі білімділік жаттығуларға ұқсас типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау бір шешім іздеу оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Танымдық іс – әрекетті қалыптастыратын жаттығулар оқушының шығармашылық шыңына жетуге көмектеседі. Ол үшін төмендегі міндеттерге көңіл бөлу қажет.
Баланың өз ойымен қиындықты жеңе білуіне, жаңалық ашуына жағдай жасаған жөн.
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың танымдық іс – әрекетін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл оқушылардың ойлауын, қиялын, белсенділік әрекетінің дамуына көп көңіл бөледі. Осы орайда танымдық іс – әрекетін дамыту жұмыс бағыты төмендегі моделге сәйкес жүзеге асырылады. Сурет 2
Бұл оқушыны математика пәніне терең даярлауда оның жеке тұлға болып қалыптасуына ойлау әрекетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, пәнге деген икемділігін, қызығушылығын арттырады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамытуда ұстаздар алдына мынадай шарттар қойылады:
Қызығушылығын дамыту шарттары:
Интеллектуалдық өсуіне жағдай туғызу;
Танымдық іс – әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;
Өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
Оқушылардың бастамалары мен өзіндік жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау;
Логикалық ойлауды дамыту шарттары: Еркін ойлауға жол ашу;
Жұмыс істеу барысында оқушының зейінін тұрақтандырып, логикалық ойға шоғырландыру;
Қиял-әрекетіне еркіндік бере отырып қолдану; Логикалық ойлау әрекетіне бағыт- бағдар беру; Белсенділікті дамыту шарттары:
Әр оқушының еркін дамуына жағдай жасау;
Әр оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету;
Білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің мазмұнын өзгертетін жұмыстарды іске асыру (топтық, жеке, жұппен).
Танымдық іс-әрекет белсендігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруге, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда жүзеге асады.
Оқушылардың өздігінен игерген білімі негізінде пікір алысады, жеке фактілер мен бақылаудан ой тұжырымдауға, талқылауға, өз бетімен шешім қабылдау жолдарын, әдіс- тәсілдерін қарастырады.
Танымдық іс-әрекеттерін дамытатын жаттығуларды математика пәнінде терең меңгертіп, оны жетілдіру әр ұстаздың шығармашылық ізденісіне байланысты.
Математика сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамытатын жаттығулар.
Таңертеңгі сағат 9-да балық аулауға барған бала кешкі 8-де қайтіп келеды. Бала балық аулауға қанша уақыт жіберген?
Қыста үйде тұрған екі жылқыға 20 кг жем осындай мөлшермен беріледі. Осындай мөлшермен 7 сиырға қанша килограмм жем беріледі?
Ажардың ағасы әрқайсысы 3 кг болатын 3 шортан балығын алып келді. Ол барлығы неше килограмм балық әкелді?
Диастың апасы әрқайсысы 6 килограммнан 18 кг табан балық әкелді. Ол неше балық әкелді?
Алты – жеті айлық әр ботаға күніне орта есеппен 6 кг пішен беріледі. Күніне 3 ботаға неше килограмм пішен беріледі?
Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал төрт жұмыртқа неше минутта піседі? Атыраудан Қарағандыға дейін поезбен
24 сағатта, ал ұшақпен одан 6 сағат бұрын жетуге болады. Автобус неше сағат жүреді?
Шұғыланың апасы 18 кг бірінші сортты, одан 16 килограмм артық жоғары сортты ұн сатып алды. Шұғыланың апасы барлығы неше килограмм ұн сатып алды?
Қатарды жалғастыр:
2, 4, 6, 8, ...
1, 3, 5, 7, ...
1, 10, 100, 1000, ...
1, 2, 4, 8, ...
Мына теңдіктерде бір таяқша дұрыс қойылмаған. Қатесін түзе. XII + IX = II IV – V = I
X = VII – III X + X = I
VI – VII = XI VI – I + V = II
Мына сандарды цифрмен жаз.
67 мың ........; 18 млн .......; 98 млрд
........ 45 млн .....
8 мың ..........; 2 млрд ....... 756 мың ......
802
Разрядтық қосылғыштар түрінде жіктеп жаз.
674 _
5467
22410
463004
506789
Әр сіріңкенің шиінің ұзындығы 4 см 5 мм. 15 сіріңкенің шиінен метр сөзін қалай шығаруға болады?
Барлығы неше тік төртбұрыш және не үшбұрыш бар?
15.1 «б» сыныбында 27 бада бар. Ұлдардың қыздардан 3-уі артық. Сыныпта неше қыз бала бар?
Жандос 7 дәптер сатып алды. Егер бір дәптер 5 теңге тұрса, ол барлық дәптерге қанша төлеген?
Дүкенге әрқайсысы 4 адамнан 5 машина келді. Дүкенге барлығы неше адам келді? Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,
мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
Әдебиеттер:
Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 2001.-№ 5.- 3-10 бет.
Алпысова.Г.Т. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Бастауыш сынып 2012ж. №3 4-5 бет.
Рысбаев Е. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру // Бастауыш мектеп, №7, 2007 ж.
М.Мұсабеков, Д. Жүнісбекова «Есеп шығарудағы таным әдістері» 1, 2005ж, 9 – бет.
Достарыңызбен бөлісу: |