Математика сабақтарында оқушылардың танымдық іс әрекетін дамыту жолдары



бет4/4
Дата02.01.2023
өлшемі58,15 Kb.
#60277
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Лесбек К мақала

Денсаулықты сақтау;

  • Денсаулықты қалыптастыру;

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру.

    Денсаулықты сақтау – денсаулық, сымбаттылық және сергектік-адам баласының ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы және жастыққа тән күш-қуатын сақтағысы келеді. Бұл жүйе жаратылыстану пәні арқылы жүзеге асады.
    Денсаулықты қалыптастыру жүйесіне дене шынықтыру пәні жатады. Дене тәрбиесі сабағының міндеті – оқушылардың денсаулығын нығайту, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап спорт түрлерімен шұғылдану.
    Жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесіне гуманитарлық сабақтар жатады. Бұл-баланың рухани ой-өрісін, қасиетін жан-жақты дамытуға бағытталған.
    Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым- қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.
    Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады.

    1. Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу

    2. Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.

    3. Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет.

    Әр пән мұғалімі өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы.
    Әдебиеттер:

    1. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. Алматы: Санат, 2000

    2. Амосов Н. М. Раздумье о здоровье. — М.: ФиС, 2014

    3. Дене мәдениеті оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-2009ж.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет