Денежүктемелері,денешынықтыружәнеспорт.Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.
Шынықтыру. Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және микроб, вирустармен жақсы күреседі.
Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық – адам үшін өте маңызды. Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.
Жұқпалыаурулардыңалдыналу.Мұнда жеке бас гигиенасы да, шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.
Зияндыәдеттердіңалдыналу.Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп, өмірді қысқартады.
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
Айқынжасалғанкүн тәртібініңболуы.
Дұрыстамақтану.
Дұрыстынығу.
Денееңбегіменшұғылдануы.
Тазаауадаболып,күнкөзіндесеруендеу.
П.Ивановтыңкеңесібойыншатабиғатаясындаболуы.
Зияндыәдеттерденсақтану.
Дұрысқозғалыстаболуы.
Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық туралы үйрете отырып, жоғарыда айтылғандардың барлығын сабақ процесінде қолданамыз.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.
Біздің балаларымызда не бар? Дәрумендер жетіспеушілігі, күн тәртібінің сақталмауы, оқу жүктемелерінің үнемі өсуі, ал бұған қарама-қайшы балалардың қозғалыс
белсенділігінің барынша азаюы, бос уақыттарының көбірек бейнефильмдер көруге, компьютер қарауға арналуы, ал ғаламтор арқылы қарым-қатынас құрбыларымен қалыпты адами қарым-қатынасты айырбастауы. Шылым шегу, сыра ішу, токсикомания және наркомания жаппай сипат алуда. Психобелсенді заттарды пайдалану, оқушылардың әртүрлі секта қызметіне енуі өзекті мәселе болып отыр. Бұл факторлардың барлығы оқушылардың денсаулықтарына әсер етпей қоймайды, көптеген қауіпті ауруды тудырады, соның нәтижесінде оқушылардың білім мекемелерінде оқуына дайындалуына ықпалын тигізеді. Баланың психикасы, ой-өрісі жақсы дамыса да, бірақ суық тиіп жиі ауыратын болса, созылмалы ауруы болса, мектепте оқу оған қиынға түседі. Ал баланың ағзасы экологиялық өзгерістерді өте тез қабылдайды, бұдан тыныс алу жүйесінің аурулары, аллергиялар, иммунитеттің төмендеуі, зат алмасудың бұзылуы туындайды. Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Әр педагог қызметкер бала денсаулығына зиянды әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыруы керек.
Педагогикалық факторлардың ішінде анағұрлым маңызды болып табылатыны педагогикалық әсердің күйзелісті әдісі. Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге байланысты күйзелісті сезінеді: сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттың шектелуі, жауаптарына, мінез-құлықтарына және т.б. мұғалімдердің қанағаттанбауы, ата- аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына және т.б. көңілі толмауы. Қайда барса да еститіні айқай, ескерту, мін тағу, психологиялық қысым. Бұл қалыпты жағдай болды, ал ересек адамдар бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма деген қорқыныш, қобалжу, орынсыздығын айыптау – күйзеліс көзі болып табылады. Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған класқа қарағанда, педагогы қатаң, мейірімсіз болған кластарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5-2 есеге көп.
Бастауыш сыныптың оқушылары мектеп тәртібі талап ететіндей ұзақ уақыт партада қозғалмай отыра алмайды. Арқа мен мойын еттері шаршайды. Олардың ағзалары бұл жаста қозғалысты қажет етеді. Бұл қажеттілікті ұзақ уақыт шектеу орталық жүйке жүйесінің шаршауына алып келеді. Мұндай дерттің емі – спорт. Дене тәрбиесі мен тұрақты шұғылданған адамның өмір жасы ұзақ болып, денсаулығы жақсы болатыны насихаттай отырып, мектеп оқушыларының арасында түрлі қимылды жаттығулардың түрлерін күнделікті таңертең сағат 8:15 1-ші сабақтын алдында өткізіледі. Спорттық іс-шараларына мектепте көп назар аударылады. Әр тоқсанның демалыс күндерінде Денсаулық күндерін өткізудеміз. Мектеп спорттық секциялары спорттың бір түрімен айналысуға тілек білдірушілер үшін арнайы құрылады. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы оқушылар дене тәрбиесінің негізгі міндеттерін толық және сапалы шешуге, бос уақытын пайдалы дұрыс өткізуге, іріктеп алынған жаттығулар түрімен айналысуда балалардың жеке қызығушылығын арттыруға жәрдемдеседі, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытады. Бізде тілек білдірушілердің санына және мектеп жағдайына байланысты волейбол, баскетбол, футбол, тоғыз құмалақ, шахмат, үстел теннисі ойнатылады.
Соңғы жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлығы туралы көп айтылып келеді. Бұл жерде тек мектеп кінәлі емес. Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге кей жағдайда бір ғұмыр де жеткіліксіз. Кейде мектеп оқытушыларының бар күш-қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын толтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата-аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап,
кемістері беки беретінін де ұмытпалық. Баланың негізгі уақыты мектепте өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен оқытушының мойнында. Өйткені бала денсаулығы сыныптағы оқыту процесінің қалай ұйымдастырылғанына да байланысты.
Мектеп қабырғасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына пәнаралық байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы: Пәнаралық байланысты мынадай үш жүйе арқылы құрастыруға болады.