Қорытынды Математика сабақтарында проблемалық технологияны қолданудың нәтижесінде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдылары дамиды.Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.Кез келген проблеманы шеше білетін тұлға қалыптасады.Мұндай сабақтарды жүргізген кезде оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артады.Олар тек қана менің әңгімемді тыңдап қоймайды,сонымен бірге өз ойларын айтып,диалогқа түсіп,сыныптастарымен қызу талқылауға кіріседі.Сабақ барысында сендер қалай ойлайсыңдар,бұл туралы не білесіңдер,мұны бұрын кездестірдіңдер ме т.б сұрақтарды жиі қоямын.Оқушылардың көзқарасын сабақтың дидактикалық мақсатына қаррай бағыттаймын. Осылайша оқушылар сабақтың мазмұнына ғылыми тұрғыда көзқарас қалыптастырғанын байқамай да қалады. Проблемалық технологияны табысты қолданудың көрсеткіштерінің бірі оқушылардың түрлі математикалық конкурстар мен олимпиадаларға белсене қатысуынан байқауға болады.
Нәтижелілігі: Қорытындылай келе проблемалық оқыту технологиясын пайдалану төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
1) Проблемалық оқыту ғылыми-диалектикалық тұрғыда ойлануға,ізденуге үйретеді.
2) Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.
3) Проблемалық оқыту өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.
4) Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.