«математика сабақтарында проблемалық технологияны қолдану арқылы оқушылардың іздену-зерттеушілік қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы іс-тәжірибені жалпылау


Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері: -



бет3/10
Дата22.05.2023
өлшемі95,21 Kb.
#95800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
-
оқушылардың білім жүйелері мен практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.


1-кесте.



Дәстүрлі оқыту

Проблемалық оқыту

Тапсырмаларда проблема қою міндет емес.

Проблеманы шешу міндеті қойылады.
Тапсырмалар осы бағытта беріліп,
іздену,зерттеушілікпен айналысады

Жауабы оқулықтарда бар.

Дайын жауабы жоқ. Проблемалық ситуацияны шешуді қажет ететін тапсырмалар беріледі

Оқушы-обьект.

Оқушы- субъект. Ол- белсенді тұлға.

Орындаушы, жауап беруші, дайынды қайталап айтушы.

Білімді өз ізденісімен алушы және зерттеуші.

«Жаңалық» ашу, жаңа өнім жасау міндетті емес.

Жеке тұлғаны дамытуға, ғылыми – ізденіске жетелейтін шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.

Проблемалық оқытудың басқа оқыту әдістерінен ерекшелігі сол, ол оқу мақсаттарының бірнешеуіне бірден қол жеткізуге мүмкіндік береді :



  • Оқушылардың қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

Әдістің тиімді жақтарымен қатар, келесідей кемшіліктерді атап кетуге болады:

  • проблемалық зерттеу стратегиясын практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін пайдалану қиыншылығы;

  • жаңа материалды меңгеру үшін көп уақыт қажет (басқа оқыту әдістерімен салыстырғанда);

  • проблемалық оқыту әдістемесі бойынша сабақтар тек бір мағыналы емес шешімдер мен пікірлерге жол беретін материал негізінде ғана мүмкін;

  • проблемалық оқыту әдісі балаларда белгілі бір білім қоры бар болғанда жағдайда жүзеге асады.

Сабақтың проблемалық технологияны қолдану арқылы құрылуының ең басты көрсеткіші –ізденушілік іс-әрекеттің болуы:

  • Проблемалық ситуацияны және проблеманы қою;

  • Болжамдарды негіздеу және ұсыну;

  • Болжамдарды дәлелдеу;

  • Проблеманы шешудің дұрыстығына көз жеткізу. 

Проблемалық оқыту әдісінің мәні проблемалық жағдайларды құру және оларды шешу тәсілдерін табудың ерекшелігінде. Бұл әдістегі ең қиын нәрсе – ол дұрыс проблемалық жағдайды құру.
Сол проблемалық жағдайды өз мәнінде құру үшін мына төмендегілер ескерілуі тиіс:
Біріншіден, оқушыларға ұсынылатын мәселе сол жастағы балалар үшін қолжетімді және жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Екіншіден, мәселе қолда бар білім мен дағдылардың көмегімен ғана шешілмеуге тиіс, яғни жаңа идеяларды да ұсынуға және жаңа білімді іздеуге итермелеуге тиіс.
Үшіншіден, құрылған жағдайда қарама-қайшылық болуы тиіс.
Төртіншіден,проблемалық жағдай білім алушының ерекше қызығушылығын тудыруы керек
Математика сабақтарында проблемалық ситуацияны қолданудың негізгі шарттары
Оқушы тарапынан:

  • Жаңа тақырып (жаңа білімді “ашу”);

  • Алдыңғы білімді қолдану және жаңа жағдайға бейімдеу

  • Жаңа тапсырмадағы белгісіздікті анықтау

  • Белсенді ізденушілік іс-әрекеті

Мұғалім тарапынан:

  • Сабақта проблеманы қоя білу және процестті басқара білу

  • мұғалім білімді хабарлау немесе баяндау емес, проблемалық міндеттердің көмегімен жаңа білімді іздеуді міндеттей білу

Проблемалық технологияны қолдану барысында оқушылардың мынадай қабілеттері жақсы дамиды:

  1. Рефлексия жасау (орындалған жұмыстың талдауы, қатені таба білуі және проблеманы шешуі);

  2. Мақсат қоя білу;

  3. Модельдеу

  4. Жоспарлау(өз іс-әрекетіне жоспар құра білу);

  5. Коммуникативтік қабілет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет