Педагогикалық практика туралы
Математиканың бірегейлік сипаты бұл ғылымның өзінің ішкі болмысынан туған;
шынында да математика – бүкіл дəл жаратылыстану ғылымының негізі. Ал
математиканың осынша биік мəртебелі ролін кемел орындауы үшін, келешек
ғасырда оның жолына данышпан шеберлер мен көптеген ізгі талапты жастар
келе беруін тілейік.
Гильберт Д.
I. Педагогикалық практиканың мақсаты жəне мазмұны туралы.
II.
Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар
III.
Сабақты талдау схемасы.
І. Педагогикалық практика студенттің кəсіби біліктілігін жетілдіруге
мүмкіндік беретін маңызды сала. Педагогикалық практика мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес көрсетіледі жəне
студенттің жеке оқу жоспарына енеді.
Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерге оқушыларды оқыту
жəне тəрбиелеуде мұғалімге қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру.
Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар əдіскердің,
психологтың жəне педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие
болады:
- педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту əдістемесінен жəне
арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады;
- мектепте өз бетімен оқу-тəрбие жұмысын жоспарлайды жəне жүргізеді.
Ата-аналармен жұмыс жүргізеді жəне оқушылардың тəрбие жұмысында
кейбір
проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді;
- мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен жəне ата- аналармен
белсене жұмыс істейді;
- мектеп оқытушыларының жинаған тəжірибесін бақылайды, талдайды
жəне қорытындылайды.
6. Үнемі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл
бөлінеді. Есеп шығарғанда, оны шешудің тиімді жолын іздеуге
дағдыланады.
7. Сабақты күнделікті қорытындылаудың жəне бағалаудың маңызы зор.
Оқушылардың келешектегі белсенділігі олардың білімдерін əділ бағалау
мен үйге тапсырманы орындауға бағыттау жұмыстарына байланысты.
Психология-педагогикалық теорияның көмегімен əр түрлі негізде
құрылған сабақты талдаудың көптеген схемасы белгілі. Сабақты талдау
схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білімділік сапасының қазіргі
өлшемдерін білу, оқыту мен тəрбиелеудегі сəттерді анықтаудағы жəне оны
жеңудегі ой-ізденістік қызмет тəсілдерін игеру,
педагогикалық қызметтің
мəдени жəне адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің
мазмұнын таңдау жəне қайта құра білу, оқушылардың өз бетінше
ұйымдастыруының негізгі құралдарын модельдеу жəне құру жеткілікті.
Сабақты талдау схемасы:
1. Мектеп, сынып, сабақ, студент-практиканттың не мұғалімнің аты, тегі.
2. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тəрбие мақсаттары, сабақ
түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын
ұйымдастырудың дұрыстығы.
3. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті:
а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспектісі жəне толық сабақ
жоспары, көрнекі құрал-жабдықтар жəне т.б. бар болуы);
ə) оқушылардың сабаққа дайындығы (кезекшілік, оқушылардың сабаққа
қажетті дəптерлері, оқулық, оқу-құралдары жəне т.б. болуы);
б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор жəне т.б.). 4.
Сабақтың ұйымдастыру құрылымы:
а) сабаққа оқушыларды түгел жұмылдыру;
ə) сабақтың оқу материалының мазмұнына сəйкестігі;
б) сабақты жүргізу жүйесі;
в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы;
г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі.