Математикалық сауаттылық



Дата06.01.2022
өлшемі56,08 Kb.
#16424
Байланысты:
Matematikaly -sauattyly


МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ



Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

1. Аулада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың саны 15, ал аяқтарының саны 44. Аулада неше қоян бар екенін табыңыз.

A) 6

B) 10


C) 8

D) 4


E) 7

2. бөлшектің мәні натурал санға тең болуы үшін с-ның ең кіші натурал мәнін табыңыз

A) 5


B) 3

C) 1


D) 4

E) 2


3. Сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз: 289; 169; 109; 79; 64; ?

A) 50,5


B) 53,5

C) 48


D) 65,5

E) 56,5


4. Жаңа логикалық амал ◙ келесі өрнекпен анықталған a◙b = (а + b)2 (a – b) болса, онда 4◙3 өрнегінің мәнін есептеңіз.

A) 49


B) 184

C) 245


D) 72

E) 117


5. Құты мен стаканның жалпы сыйымдылығы құмыраның сыйымдылығына тең. Құтының сыйымдылығы стакан мен кесенің жалпы сыйымдылығына тең. Үш кесенің сыйымдылығы екі құмыраның сыйымдылығына тең. Кесенің сыйымдылығын табыңыз.

A) 7 стакан

B) 5 стакан

C) 3 стакан

D) 4 стакан

E) 6 стакан



6. Бағасы теңге болатын тауардың бағасы бірінші айда %-ға қымбаттап, екінші айда %-ға арзандады. Тауардың соңғы бағасын анықтаңыз

A)

B)

C)



D)

E)






7. 420 саны 5:7:9 тура пропорция бойынша бөлінген. Ең үлкен бөлігінен ең кіші бөлігінің айырмасын табыңыз.

A) 80


B) 110

C) 100


D) 70

E) 90


8. Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 25, қызыл түсті емес шарлар саны 23, жасыл түсті емес шарлар саны 20. Тізбеде қанша шар? Қызыл түсті шар нешеу?

A) Барлығы 33, қызыл 9

B) Барлығы 29, қызыл 11

C) Барлығы 27, қызыл 7

D) Барлығы 34, қызыл 11

E) Барлығы 29, қызыл 9



9. мен -ның мәнін тауып, өрнегінің мәнін есептеңіз.

A) – 30

B) 35

C) – 15



D) – 25

E) 25


10. Ағаштың берілген массасының 20%-ынан қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері 30 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныпта 30 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?

A) 67,2 кг

B) 76,5 кг

C) 75,2 кг

D) 70 кг

E) 70,8 кг






11. теңсіздігі дұрыс болғанда 6 санына еселік болатын барлық сандары нешеу болады?

A) 34


B) 35

C) 5


D) 7

E) 6


12. 1; 2; 3; …;17 cандар тізбегінен барлық тақ сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?

A) 5


B) 8

C) 7


D) 9

E) 6


13. Берілген үш таңбалы санға сол жағынан 8 цифрын тіркеп жазып, сонда шыққан төрт таңбалы санға 502-ні қоссақ, онда қосынды берілген үш таңбалы саннан 40 есе артық болады. Берілген санды табыңыз.

A) 248


B) 218

C) 228


D) 208

E) 238


14. Мұқағали Мақатаевтың «Қара саздан ұшқан қарлығаш» атты кітабының беттерін нөмірлеу барысында 552 цифр қолданылды. Бұл кітап неше беттен тұрады? (нөмірлеу 1-ден басталады)

A) 180


B) 779

C) 220


D) 552

E) 275


15. Суреттегі көпбұрыштың периметрін табыңыз.

A) 50 см


B) 45 см

C) 40 см


D) 35 см

E) 20 см


16. Кестеде көрсетілген тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыстығын анықтаңыз.

1

Үшбұрыштың әр қабырғасын 2 есе арттырса, онда оның периметрі

6 есе артады



2

Егер шеңбердің диаметрін 2 есе арттырса, оның ұзындығы 4 есе артады

3

Егер дөңгелектің диаметрін 3 есе арттырса, оның ауданы 6 есе артады

A) 1 – дұрыс; 2 – бұрыс; 3 – бұрыс

B) 1 – бұрыс; 2 – бұрыс; 3 – бұрыс

C) 1 – дұрыс; 2 – дұрыс; 3 – бұрыс

D) 1 – бұрыс; 2 – дұрыс; 3 – дұрыс

E) 1 – бұрыс; 2 – дұрыс; 3 – бұрыс


17. Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, транспортир және калькулятор сатып алды. Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес. Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль де емес. Кім не сатып алды?

A) Мәди – транспортир, Еңлік – калькулятор, Ләззат – циркуль

B) Мәди – калькулятор, Еңлік – транспортир, Ләззат - циркуль

C) Мәди – циркуль, Еңлік – калькулятор, Ләззат – транспортир

D) Мәди – циркуль, Еңлік – транспортир, Ләззат – калькулятор

E) Мәди – калькулятор, Еңлік – циркуль, Ләззат – транспортир



18. Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек. Жаңғақтар қалай бөлінген?

A) 60 және 70

B) 50 және 80

C) 20 және 110

D) 40 және 90

E) 10 және 120



19. Астана қаласына қыдырып келген Абзал төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Абзал күніне 150 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз

Автомобиль тұтынатын жанармай

1 л жанармайдың бағасы (теңгемен)

Әр 100 километрге жұмсалатын жанармай (литрмен)

1 тәулікке жалға алу бағасы (теңгемен)

Дизель

105

8

17500

Бензин

120

12

16500

Газ

45

16

17000

A) 37320 теңге

B) 36120 теңге

C) 37160 теңге

D) 36160 теңге

E) 37520 теңге


20. Квадрат пен теңқабырғалы үшбұрыштың әрқайсысы бірдей n дөңгелектермен толтырылған (көршілес дөңгелектер өзара жанасқан). Егер үшбұрыштың ішінде 625 дөңгелек бар болса, онда квадраттың бір ғана қабырғасымен неше дөңгелек жанасып тұрғанын анықтаңыз.

A) 24


B) 25

C) 50


D) 23

E) 45



МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет