Белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі: білімділік, танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, танымдық іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, мазмұн мен жұмыс істеуге қажетті тәсілдерді таңдай білу, өзін-өзі бағалай білуі. Мотивациялық компонент қарым-қатынас мәдениетінің қажеттілігі оның ерекшеліктері, қарым-қатынас мәдениетінің технологиясы, оның көрінісі туралы мәселелерін қамтиды. Эмоциональдық-еріктік компоненті қарым-қатынас мәдениеті құрылымында оқушыларға осы бағытта іс-әрекетті жетілдіру, қарым-қатынастағы әсерлер мен эмоциональды сезімді қалыптастыру және дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл компоненттер танымдық өзіндік әрекеттің құрылымын толығырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеулер барысында танымдық өзіндік әрекеттің дамуына әсер ететін тәсілдер анықталған, олар: оқушының математикалық ұғымдардың бейнесін тұрғыза алуы; өз бетінше жаңа білімді игерудегі танымдық өзіндік әрекетті ұйымдастыру әдістері; диалогты қолдану; танымдық қызмет үшін психологиялық қолайлы жағдай жасау; әрбір оқушы үшін жетістікке жету жағдайын жасау; топтық жұмысты ұйымдастыру;