«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Нақты эксперименттің элементтері мыналар



бет16/48
Дата31.12.2021
өлшемі4,87 Mb.
#23371
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесі УМК посл.-2021

Нақты эксперименттің элементтері мыналар:

  1. Мәселені қою және болжам жасау;

  2. Объектілерді зерттеудің эксперименттік алғышарттарын жасау;

  3. Салдарды белгілеу және оның себептерін тағайындау;

  4. Жаңа құбылыстарды және олардың ұқсастығын сипаттау.

Бақылау мен тәжірибенің мектеп практикасында қолдануын мысалдармен көрсетейік. 4-5 сыныптарда фигуралардың симметриялық қасиетін өткенде бір парақ қағазды бүктеу арқылы тәжірибе жолымен көрсетуге болады. Мәселен, берілген түзуге қарағанда симметриялы фигуралар ұғымын түсіндіру үшін  көшірме қағаздың көмегімен тең фигураларды салып көрсетуге болады. Ол үшін бір парақ  қағазды бүктеп оның арасына бояуы сыртына қараған бүктелген көшірме қағазды салып тиісті фигураны парақтың сыртына сызады. Ал парақты жазған кезде олардың ішкі беттерінде өзара тең фигуралар шығады. Бұдан әрі парақты бүктеу сызығының бойымен бүктегенде салынған фигуралар бір-бірімен беттесетініне назар аударып түзуге қарағанда симметриялы фигуралардың анықтамасы беріледі.

Анализ деп – бүтінді ойша немесе практикалық түрде құрайды, бөліктерге бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен арақатынастарын жеке-жеке қарастыру арқылы зерттелінетін әдіс түсіндіріледі. Оқып үйренетін объект туралы айқын түсінік пайда болу үшін құрамды бөліктің арасындағы байланысты анықтау керек, сол себепті анализ жеткіліксіз. Синтез қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет